ӨТЕНАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕН КЕЛГЕН ЖАУАП

Біз газетіміздің №7 санында «Жаяудың жағдайы қашан оңалады?» деген мақалада Өтенай ауылдық округіне қарасты ауылдардағы әлеуметтік мәселелер жайлы жазған болатынбыз. Онда жаяу жүргіншілер жолы, автобус аялдамалары және бағдаршам қою туралы сөз қозғалған.
Сол жазылған мақаламызға Өтенай ауылдық округінің әкімі Р. Малтаев:
– «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Алатау қоғамдық саяси газетінде жарияланған мақалаға сәйкес, төмендегіні хабарлайды:
Ынтымақ тұрғын үй алабындағы Қабанбай көшесі бойына үш жерге аялдама кешені орнатылып, сонымен қатар, Желтоқсан көшесіне (№30 мектеп маңына) смарт аялдама кешенін орнату және бағдаршам қою бойынша тиісті ұсыныс хат жолданды. Қазіргі таңда аталған мәселе қаралу үстінде.
Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілерін орнату және жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесі бойынша тиісті мекемелерге ресми хат жолданғанын хабарлайды, — деген ресми жауабымен бөлісті.
Гүлнұр БАЙМҰХАН
