КЕЛ — СКАНВОРД ШЕШЕЙІК

0
35

Оңашада тек отырмай,
Сканвордты шешемін,
Қиын сұрақ таптырмай,
Таусылады міселім.

Сканворд шешү әдетім,
Келе жатқан бұрыннан.
Картаға жоқ тәбетім,
Құмар ойнап бұзылман.

Одан қалса жыр жазам,
Табылса жақсы тақырып.
Ақындар жүр жырлаған,
Хоббиларын жасырып.

Сканвордты шешкенде,
Ұмытқан түсер есіңе .
Аяқтап соңына жеткенде,
Ұқсайды ісің біткенге.

Кел сканворд шешейік,
Қатарласып екеуіміз.
Ойымыз жатсын кеңейіп,
Басқасын әкел шешеміз!

Сканвордты көріп қуана,
«Алатауға» жазылғын.
Келеді әр жұмада,
Рухани азығың!

Сембек ӘБДІ-РАХМАН