ОТАН ҚОРҒАУ, ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ — БАСТЫ МІНДЕТ»

0
37

Шелек аулындағы политехникалық колледжі — «Алматы облыстық білім басқармасына» қарайтын облысқа танымал оқу орны. 22 маусым 2026 жылы Шелек аулындағы Политехникалық колледжінде ардагер оқытушы, ұстаз, колледждің ата-аналар кеңесінің төрағасы, запастағы капитан Әсет Көшербайұлы ағамыз бен колледж директоры Қуат Құрманғалиұлының ұйымдастыруымен облыс деңгейінде кездесу-жиын өткізілді. Колледждің конференция залында колледж директорының орынбасарлары бастаған оқытушы ұстаздары мен студенттер ардагер қонақтарға сұрақтар қойып, тағлымы мол ерекше кездесу жиын өтті…

Шелек аулындағы облысқа танымал 70 жыл тарихы бар колледжде арнайы республикаға танымал тұлғалармен кездесу-жиын өткізілді. «Колледж студенттері заман талабына сай ата заң мен тәртіпті жақсы білетін, колледжде білім алумен бірге бойында отаншылдық рухы, патриоттық сезімі мен ұлттық намысы жоғары азаматтарды тәрбиелеп қалыптастыру» тақырыбындағы кездесуге облыс, республикаға танымал ардагерлер арнайы шақырылды.
Кездесудің құрметті қонақтары:
Алиядин Ерболат
— ҚР-на Еңбек сіңірген қызметкері, «Алаш прайд» спорт клубының құрметті төрағасы, Ресей еліндегі Болгаро-Чуваш елінің батыры, профессор. Анкара қаласында «Турксой» медалінің иегері, Москва қаласындағы Атмоно-софин академиясының академигі, Әлем премиясының лауреаты, Кемелтанушы және еліміздің ұлы тұлғалары атындағы ордендердің авторы, Семей-Невада қоғамының мүшесі.
Желтоқсан ардагері Жанботаев Дәулетбек
— ҚР-ның «Құрметті азаматы», Халықаралық Д. А. Қонаев қорының вице президенті, «Еңбек Даңқы» орденінің иегері, әлем халық жазушылар одағының мүшесі, сазгер, актер Алматы облысы, Балқаш ауданының «Құрметті азаматы», ішкі істер органының ардагері, запастағы полковнигі.
Мағлұмов Дүйсен –
Алматы қаласы Ауған соғысы ардагерінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері, «Балдырған журналының бас редакторы болған, қазір М.Мақатаев журналының бас редакторы, Жазушылар одағының мүшесі, 10-нан аса кітаптың авторы.
Тұрымбетов Ерболат
— Алматы облысы ардагерлер одағының төрағасы, «Ардагер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, Алматы облыстық филиалының директоры.
Ахметов Бекет — Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының төрағасы. Мықыбаев Жұман — Еңбекшіқазақ аудандық ардагерлер төрағасы. Айтақынов Әбілбек — Шелек аулының ардагерлер төрағасы шақырылды.
Колледждің конференция залында ұстаз, студенттер қонақтарды әскери тәртіппен тік тұрып, әскери сәлеммен қарсы алды. Жүргізуші екі студент қонақтарды таныстырғаннан кейін жиын әнұранмен басталды. Кездесуді жүргізген Әсет Көшербайұлы «Жауынменен жер көгереді, батаменен ел көгереді» деп, жиынға қатысып отырғандарға елімізге танымал батагөй Алиядин Ерболат мырзаға бата бергізіп, жиынды жалғастырды.
Студенттердің өтініш-тілектері бойынша кездесудің еркін тақырыпта сұрақ-жауап түрінде өте қызықты өткені сондай, 5-6 сағатқа жалғасты. Бұл кездесу оқу жылының соңындағы колледж ұстаздары мен студенттерге ерекше рух беріп, мотивация болды.
Келген құрметті қонақтарға аудан әкімі Талғат Байеділовтың, аудандық мәслихаттың төрағасы Бекет Ахметовтың, аудандық ардагерлер төрағасы Жұман Мықыбаевтың «Алғыс хаттары» тапсырылды.
ҚР Еңбек сіңірген қызметкері «Алаш-Прайд» спорт клубның төрағасы Ерболат Алядин мырза Әсет Көшербайұлын «Алаш-Прайд» орденімен марапаттаса, Қуат Дүйсебаевқа, Изимжан Тұрғановқа «Кемел Тоқаевтың» төсбелгі тақты.
Дәулетбек Жанботаев колледж директоры Қуат Дүйсебаевты, Әбілбек Айтақыновты Д. А. Қонаев атындағы «Мерей» орденімен, ҚР-ның бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетов атындағы медальды Әсет Көшербайұлына, Б. Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалін Серік Байсубановқа табыстады.
Ауған соғысының ардагері Дүйсен Мағлұмов Ауған соғысы ардагерлері атынан Әсет Көшербайұлы ағамызға арнайы шапан жапса, Рефат Сауытовқа
Б. Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалін табыстай келе ,үш мәрте «Социалистік Еңбек Ері», сегіз рет «Ленин» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен бірге көптеген шетелдің орден, медалінің иегері Д. А. Қонаев атамыздың 7 кітабын колледж ұстаздарына естелікке берді.
Ардагерлердің сұрауы бойынша әнші-сазгер Дәулетбек қазақтың киелі домбырасымен үш өлең айтып, жиынға қатысқандарға, әнші — термешілік өнерімен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Колледж директоры Қуат мырза бастаған ұжым кездесуге келген құрметті қонақтарға қазақтың шапанын жауып, құрмет-қошамет көрсетті.
Колледж ұстаздары мен студенттері қонақтармен бірге естелік суретке түсті. Кездесуді ұйымдастырған ардагер оқытушы Әсет аға мен Қуат мырзаға келген қонақтар риза көңілмен рахметтерін айтты. Танымал ағалардың сөйлеген сөздері, өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі-студент жастарға үлгі мен өнеге…

Байсубанов Серік Алиасқарұлы,
колледж директорының
орынбасары,
Шелек ауылы,
Еңбекшіқазақ ауданы