
Балалардың жазғы демалысы қалай өтуде?
Жаз — көңілді өтуі керек екендігімен ешкім дауласпайтыны анық. Жазғы уақытта балалармен жұмыс істеудің басты шарттарының бірі –сергек, жағымды эмоциялық көңіл-күй қалыптастыру. Бұл мезгілде бала оқу жылындағыдай талаптармен, ережелермен, тапсырмалармен және тыйымдармен шектелмейтіні белгілі. Жазда балалар еркін, қысымсыз өмірге ұмтылады, өйткені жазғы каникул көптеген мәселелерді шешуге қолайлы кезең. Бұл уақыт балалардың өз әрекеттеріне баға берудегі дербестігін арттырып, өз «Менін» ортақ «Біз» аясында сезінуіне ықпал етеді.
«Облыс орталығында тұрып жатқан балалар жазғы каникулын қалай өткізіп жатыр?» — деген сұрақ бойынша Талдықорған қалалық білім бөлімінің оқу-тәрбие жұмыстарына басшылық ететін бас маман Ұлжанат Әуелханқызымен сұқпат жүргізген едік.
— Ұлжанат Әуелханқызы, биылғы 2026 жылы жазғы сауықтыру демалыс орындарында дем алуға қала мектептерінің қамтылуы жөніінде не айтасыз?
— Биылғы жаз мезгілінде жалпы білім беру ұйымдарының 1-10 сыныптағы 35116 оқушының 32108–ін (90 %) жазғы сауықтырумен қамтылу жоспарланып отыр.
Оның 1437-і қала сыртындағы лагерлерьмен қамтылады. Облыстық бюджеттен 100 млн 590 мың теңге қарастырылды,1 балаға жұмсалатын демалыс қаржысы 70 000 теңгені құрайды.
Сондай-ақ, мектептерде жазғы демалыс кезінде өткізілетін 4 жоба ұсынылды:
«Ұлттық құндылықтар», «Жасыл клуб» жобасы, «Жазғы экрандар» жобасы, «Жетісу сақинасы».
Жоғарыда аталған жұмыстар былтырғы жылы да өз деңгейінде ұйымдастырылған болатын. Қаладағы 20 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтылды, қала сыртындағы лагерьлерде демалды. Бірталай танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды, Қапшағай, Балқаш көлдеріне барды.
8 маусым күні барлық мектептерде мектеп жанындағы жазғы лагерьлердің ашылу салтанаты өтті
Жазғы маусым кезінде қала және қаладан тыс жерлерде орналасқан тарихи-өлкетану мұражайларына, көрікті жерлерге экскурсия ұйымдастырылады.
Мектептерде балалардың жазғы демалысы кезіндегі қауіпсіздігі және жазғы мектеп жанындағы, қала сыртындағы лагерлерьге балалардың демалыс кезіндегі тәртіп ережесі құзырлы органдардың және әр сыныптағы ата-аналардың қатысуымен жина-лыстар өткізіліп, жадынамалар таратылды.
— Елімізде көрікті орындар көптеп саналады емес пе? Сондай орындарға балалар саяхаты ұйымдастырыла ма?
— Ия, оқушыларға арналған «Саяхат» деп аталатын жоба бар. Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі 2026 жылғы 25 мамыр — 5 маусым аралығында «Балалар үні» тақырыбы аясында «АҚОРДАҒА САЯХАТ» ұйымдастрылды.
Мақсаты: баланың тұлға ретінде жан-жақты дамуына ықпал ету, Қазақстан Республикасы Президенті резиденциясының тарихы және сәулетімен танысу. Қазақстан Республикасының мәдени мұрасымен сусындау.
№29 орта мектеп-лицейінің 5 «Г» сынып оқушысы Иркундиева Айкүнім 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған Астана қаласындағы танымдық-мәдени экскурсияға қатысып қайтты. Бұл сапар оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы тереңірек мағлұмат алуына зор мүмкіндік берді. Экскурсияның негізгі бағыты Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясына, Ақордаға саяхат жасаудан басталды. Оқушылар еліміздің басты саяси-мәдени нысандарының бірі саналатын Ақорданың сәулетімен, тарихымен және маңыздылығымен танысты. Ғимараттың ішкі құрылымы, безендірілуі, мемлекеттік маңызы бар залдары туралы қызықты ақпараттар айтылып, оқушылар ерекше әсер алды. Сонымен қатар, экскурсия барысында балалар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен ел дамуы жайлы көптеген тың мәліметтермен танысты.Сапар аясында оқушылар Астана қаласының көрікті және мәдени орындарын аралады. Елордамыздың әсем ғимараттары мен тарихи орындары балалардың қызығушылығын арттырып, туған елге деген мақтаныш сезімдерін оятты. Экскурсия кезінде оқушылар елорда тарихы, заманауи сәулет өнері және мәдени мұралары туралы мол ақпарат алды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына, патриоттық рухының қалыптасуына және білім көкжиегінің кеңеюіне үлкен ықпал етеді. Иркундиева Айкүнім бұл сапардан көптеген жақсы әсер мен ұмытылмас естеліктер алып қайтты. Ол өз қатарластарына Астана қаласының әсемдігін, Ақорда резиденциясының ерекшеліктерін қызыға әңгімелеп, алған әсерімен бөлісті.
№29 орта мектеп-лицейі оқушының осындай маңызды әрі тағылымды іс-шараға қатысуын үлкен жетістік деп санайды. Болашақта да білім алушылардың ел тарихын танып-білуіне, мәдени орындарды аралауына және рухани дамуына бағытталған шаралар жалғасын табады.
— Тәрбиелік бағытта қандай айтулы іс-шаралар өткізіледі? Олардың қандай тиімділігі бар?
— Мысалы, «БАЛА ҮНІ» тәрбиелік мақсаттағы жоба бойынша балалардың мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылды. Мақсаты: қоғам өміріне қатысу құқығын іске асыру бойынша балалармен диалог-кездесу ұйымдастыру, қазақстандық балалардың өмірін жақсартуға бағытталған идеяларды таныстыру дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылының аяғында №8 Н.Островский атындағы және № 18 мектептердегі кездесулердің негізгі мақсаты – оқушылардың пікірін тыңдау, олардың ұсыныстары мен бастамаларын қолдау, балалардың қоғам өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік беру және жастар мен жергілікті билік арасындағы ашық диалог алаңын қалыптастыру болды.
Іс-шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы Көлбаев қатысты. Қонақтар оқушылармен еркін форматта әңгімелесіп, олардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында білім беру саласындағы жаңашылдықтар, жастарды қолдау бағдарламалары, кәсіби бағдар беру, болашақ мамандық таңдау, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, еріктілік қызмет, экологиялық мәдениет және туған өлкенің дамуына үлес қосу мәселелері кеңінен талқыланды. Оқушылар өздерінің ұсыныстары мен ойларын ортаға салып, өңірдің дамуына қатысты пікірлерін білдірді.
Әсіресе, жоғары сынып оқушы-лары болашақта сұранысқа ие мамандықтар, сапалы білім алудың жолдары, мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері және жастар үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер туралы көптеген сұрақтар қойып, қонақтар жауабын ықылас қоя тыңдады.
Мұндай кездесулер кезінде еркін сұрақтар қою жастардың өз ойын еркін жеткізуіне, қоғамдық маңызы бар мәселелерге бейжай қарамауына және азаматтық ұстанымдарының қалыптасуына ықпал етеді. Шара соңында қатысушылар осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, оқушылардың бастамаларын қолдауға әрдайым дайын екендіктерін жеткізді. Оқушылар да өз кезегінде қонақтарға алғыстарын білдіріп, кездесуден көптеген пайдалы мәліметтер мен жаңа әсер алғандарын айтты.
«БАЛАЛАР ӘЛЕМІ» жобасы
Мақсаты: ақпарат алмасудың жалпы платформасында өзекті мәселелер мен жетістіктерді тал-қылау, халықтың хабардарлығын арттыру және балалардың құқықтарын қорғау саласында қоғамдық қолдауды қалыптастыру үшін мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру.
2026 жылғы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Еркін ауылдық округіндегі №26 орта мектеп және № 4 орта мектептерде кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалар мен жастардың қоғам өміріне қатысу құқығын жүзеге асыру, олардың пікірлерін тыңдау, еркін ой алмасуға жағдай жасау, сондай-ақ жергілікті билік өкілдері мен қоғам қайраткерлерінің пікірлері мен жауаптары арқылы жас ұрпақтың азаматтық белсенділігін арттыру болды.
— Жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын қам-тамасыз ету туралы барлық білім беру ұйымдарында қандай шаралар өткізілді?
— Жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдарында 30.05.2021 жылғы «Жазғы демалыс кезіндегі Қауіпсіздік ережесі» негізінде түсіндіру, ұғындыру, ата-аналарын ереже мәтінімен таныстыруу жұмыстары жүр-гізілді. Төтенше жағдайлар мекемесінің қызметкерлерінің қауіпсіздік туралы аудиожазулары тыңдатылды. «Қауіпсіз жаз» тақырыбында түсіндіру сағаттары өткізілді. Оқушыларға жол қозғалысы ережелері, судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, интернет қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
— Балалардың жазғы демалысына қалалық әкімшілік тарапынан қандай үлесі бар?
— Талдықорған қаласы әкімінің орынбасарымен бекітілген Талдықорған қаласы бойынша білім бөліміне қарасты қала мектептерінде жаз айлары бойынша жүргізілетін жұмыстың қадамдық жоспарына сәйкес мектеп жанындағы жазғы алаңдағы оқушылардың уақытын қызықты және тиімді өткізу мақсатында жұмыстар жүргізілуде, «Истоки» туристік клубымен табиғат аясына серуені, қалалық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен Халықтық қуыршақ театрының қойылымы, балаларға арналған караоке сайысы (қалалық жағажай аумағы), «Кел достар, жарысайық» ойын-сауық сайысы (Қалалық жағажай аумағы), «Сиқырлы орман» квест ойыны (Ардагерлер саябағы), Балаларға арналған мультфильм көрсетілімдері ұйымдастырылып өткізілуде. Қалалық спорт бөлімінің ұйымдастырумен түрлі спорттық шаралар өткізілуде. Сонымен қатар №1 ОРМБЖМ» КММ-нің ұйымдастыруымен садақ ату, стенд ату, регбиге оқушылар өз қызығушылықтарына қарай тартылуда.
Редакциядан: Балалар демалысы сәтті өтсін! Дегенмен, күннің ыстығында табиғат аясында балалар демалысын дұрыс ұйымдастыру оңай шаруа емес. Әйтеуір қауіпсіздік шаралары дұрыс өткізіліп, тамақтандыру санитарлық талапқа сай жасалса ол да үлкен шаруа. Қағаз жүзінде әзірге бәрі дұрыс ойластырылған тәрізді…Бірақ айтар әңгіме де бар…
Сембек Әбді-Рахман










