МӘНДІ КЕЗДЕСУ
2026 жылғы 26 тамызда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Қалиасқарұлы Құсайынов Жетісу облысының ардагерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуді Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Келемсейіт Ермек Әбілмәжінұлы ашып, жиынға қатысушыларға қонақты таныстырып, сапардың мән-маңызына тоқталды. Кейін кездесу қонағы Әбілғазы Құсайынов та сөз алып, аталған
жиынның маңызымен бөлісті.
Әбілғазы Қалиасқарұлының Жетісу жеріне арнайы іссапармен келудегі басты мақсаты – «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің XI съезінде айқындалған, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» және «Адал азамат» бастамаларын іске асыруға бағытталған «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасының жеті басым бағыты аясында өңірде атқарылып жатқан жұмыстарымен танысу.
Сапар барысында ол алдымен қаладағы Ардагерлер үйіне барып, ұйымның тыныс-тіршілігімен, ардагерлерге көрсетіліп отырған қолдау шараларымен және қызмет түрлерімен танысты. Сондай-ақ, облыстағы ардагерлер ұйымының жұмысын саралап, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бастамалардың нәтижесіне назар аударды. Алдағы кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарын айқындап, нақты ұсыныстар мен бағыт-бағдар берді.
Сапардың келесі маңызды шарасы – Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өткен өңір ардагерлерімен арнайы кездесу болды.
Басқосу барысында ардагерлер ұйымдарының алдында тұрған міндеттер, сондай-ақ «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасының жеті басым бағытын өңірде тиімді іске асыру мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, «Үлкенді құрметтеу – ұлттық дәстүр», «Кітаппен келешекке», «Алтын Орда – тарихи сана мен бабалар аманаты», «Отбасы құндылықтарын дәріптеу және ажырасу мәселесі», «Дәстүрлі дін және ұлттық бірегейлік (жат ағымдарға жол жоқ)», «Жастар тәрбиесі: адал адам, табиғатты сүю және жасампаз патриотизм», «Зиянды әрекеттермен күрес (құмар ойындар)» тақырыптарында ойын баяндап, дәріптеу жолдарымен бөлісті.
Сонымен қатар, ардагерлердің ұсыныс-пікірлері талқылау да жүргізілді. Қоғамдық бірлестіктің алдағы кезеңдегі жұмысының негізгі бағыттары да айқындалды. Шараның соңы облыстық және қалалық өнерпаз ардагерлердің концерттік бағдарламасымен ұласты.
Сембек Солтанұлы
«Алатау»
