ЖҮЗ ЖАУҺАР – ЖҮЗ КІТАП

0
31

Кітап – рухани қазына, білім мен ойдың қайнар көзі. Адамның ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын қалыптастыратын кітаптың қоғамдағы орны қашанда ерекше.
Ақсу аудандық кітапха-
насының ұйымдас-тыруымен Қапал ауылдық кітапханасында «Ауыл кітапханаларына – 100 кітап» жобасы аясында «Жүз жауһар – жүз кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқуға ұсынған таңдаулы 7 кітапты көпшілікке кеңінен таныстыру, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жастарды рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу.
Кітап көрмесіне кітапхана оқырмандары мен жергілікті мекеме қызметкерлері қатысып, ұсынылған әдебиеттермен танысты. Келушілерге кітаптардың мазмұны мен маңызы туралы ақпарат беріліп, оқуға ұсынылған шығармалардың тағылымдық мәні кеңінен насихатталды.
Осындай мәдени-танымдық шаралар ауыл тұрғындарының кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, рухани байлықты ұлықтауға, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.