МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

0
19

Ақсу ауданында қазақ музыкасының көрнекті композиторы, ән әлемінің жарық жұлдызы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Жансүгіров ауылындағы Орталық саябақта ұйымдастырылған әсем кешке аудан тұрғындары мен қонақтары жиналып, қазақ әнінің дарабоз тұлғасының шығармашылығына тағзым етті.
Мерекелік кеш барысында аудан өнерпаздары Шәмші Қалдаяқовтың ел жүрегінен орын алған, сырлы да сазды әндерін орындап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әр әннен қазақы болмыс, туған жерге деген сүйіспеншілік пен адамға деген ізгілік сезімі аңғарылып тұрды.
Сазды әуенге ұласқан кеш барысында көрермендер өнерпаздарға ыстық ықыласын білдіріп, қошеметін аямады. Әсем әнмен тербелген саябақтағы мерекелік думан көпшілікке ерекше әсер сыйлап, тұрғындардың көңілді әрі мазмұнды демалуына мүмкіндік берді.

«Алатау-ақпарат»