Электрсамокат, мопед, велосипед Жүргізушілерінің назарына
Елімізде злектрсамокат, мапед, велосипедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны да көбейген. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Жыл басынан бері мопед жүргізушілерінің ереже бұзуынан 390 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Онда 33 адам қаза тауып, тағы 461-і жарақат алған. Велосипедшілердің кінәсінен – 169, шағын электр көлік құралдарын басқарушыларының кесірінен – 97, электрсамокат қатысуымен 47 жол-көлік оқиғасы болған. Осы апаттарда 329 кәмелетке толмаған бала зардап шегіп, 10 бала қаза тапқан. Сонымен бірге мұндай көлік құралдарын пайдаланушылардың өздері де зардап шегуде. 145 электросамокат, 82 мопед жүргізушісін, 52 шағын электр көлік құралын басқарушыларды көлік қаққан. Салдарынан төрт адам қаза тауып, 300-ге жуық адам түрлі жарақат алған. Бас прокуратура жолдағы қауіпсіздікті сақтауға шақырады.
Елімізде 25-тамыздан бастап жаяу жүргіншілер жолында электрсамокатпен жүруге тыйым салынды. Мұндай көлік құралымен тек веложолақпен немесе жолдың оң жақ шетімен қозғалуға рұқсат. Жол апаттарының көбеюіне байланысты заңға осындай өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Жаңа талаптарға сай, енді тек 18-ге толған, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі бар азаматтар ғана электрсамокатпен жүре алады. Ал жолдан өткенде самокат, велосипед және мопед иелері көліктен түсуі тиіс. Сондай-ақ бұл көлік құралдарымен жолаушыларды тасымалдауға, рөлді ұстамай телефон пайдалануға, сондай-ақ қараңғыда жарық шағылыстыратын элементтерсіз жүруге тыйым салынады.
