Жауапкершілік одан әрі күшейтілмек
Қазақстанда азаматтардың жеке мәліметтерінің қолды болуына байланысты жауапкершілікті тағы да қатайтпақ. Билік мәліметтердің жаппай жария болуына әкеліп соқтыратын ең ауыр бұзушылықтар үшін одан да қатаң санкциялар енгізу туралы мәселені қарастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР премьер-министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен дербес деректерді қорғау және киберқауіптерге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.
«Дербес деректер бұл ақпараттық жүйедегі жай ғана мәліметтер жиынтығы емес. Әрбір жазбаның артында нақты адам тұр. Сондықтан дербес деректерді қорғау ұйымдары үшін тек заң талаптарын орындаудан бөлек, азаматтар алдындағы жауапкершілік болуы тиіс. Деректермен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру қажет. Онда қауіпсіздік қандай да бір оқиға болғаннан кейін емес, барлық процестерге бастапқы кезеңнен бастап енгізілуі керек», — деді Жаслан Мәдиев.
Мемлекеттік деректер базаларынан ақпаратты жүктеп алуға шектеулер енгізіледі. Сонымен қатар, дербес деректерді өңдеуді бастағаны және анықталған инциденттер туралы уәкілетті органды хабардар ету міндеті белгіленеді.
Азаматтардың өздері үшін де деректерді бақылаудың қосымша мүмкіндіктері қарас-тырылған. Дербес деректерді өңдеуге келісім беру және оны кері қайтарып алу eGov Mobile арқылы жүзеге асырылады.
«Тәжірибе көрсеткендей, көптеген инциденттер күрделі сыртқы бұзушылықтардан емес, адами фактордан және ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғаудың қарапайым талаптарының сақталмауынан туындайды. Есептік жазбаларды үшінші тұлғаларға беру, қауіпсіздігі бұзылған қолжетімділіктерді пайдалану, қол жеткізу құқықтарын нақты шектемеу, ақпаратты заңсыз көшіріп алу және ішкі тәртіп талаптарын бұзу азаматтардың деректерінің таралуына тікелей қауіп төндіреді», — дейді министрліктегілер.
Осыған байланысты жұмыс берушілер қызметкерлерге киберқауіпсіздік және кибермәдениет мәселелері бойынша жыл сайын оқыту жүргізуге міндетті. Деректерді қорғау формалды талап қана емес, ақпараттық жүйелерге қол жеткізе алатын әрбір қызметкердің корпоративтік мәдениеті мен жеке жауапкершілігінің бір бөлігіне айналуы тиіс.
Дербес дерек
