Биік белестерді бағындырды

0
10

         Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, біздің өңірдің жас волейболшылары тағы бір тамаша табысты қолға келтіріп, облысымызда бұл спорт түрінің қарқынды даму үстінде екенін жарқын паш етті.

            Атап айтсақ, волейболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының II-турында Жетісу облысының жас спортшылары шеберліктерін дәлелдеп, жүлделі орындардан көрінді.
Жарыс қорытындысы бойынша өңір құрамасы үш жүлделі орынға ие болды. Мәселен, 2010–2011 жылы туған қыздар қарсыластарының бәрін ұтып, топ жарса, 2012–2013 жылы туған ұлдар командасы екінші орын еншіледі. Ал, 2014–2015 жылы туған ұлдар өз тобында үздік үштікті түйіндеді.
Жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы додаларда да биік белестерді бағындырып, Жетісу мерейін үстем ете берулеріне тілектеспіз!
Өз тілшіміз