Тақта үстіндегі тартыс

0
19

                  Дене шынықтыру мен спортты насихаттау, халықтың бос уақытын тиімді өткізуге шақыру, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында «Жетісу облысының спортты дамыту және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубы» КММ-нің Текелі қаласының филиалының ұйымдастыруымен Текелі қаласында ардагерлер арасында шахматтан және дойбыдан турнир өткізілді.
ашылу салтанатында филиал басшысы Г.Сулейменов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Аталған шарада 16 қатысушы бақ сынады. Дойбыдан өткен жарыста Сейтхан Ыдырыс алдына жан салмады. Екінші орынды Жарқын Ғаппар иеленді. Үшінші жүлделі орын Әшім Нүрпейістің еншісіне тиді. Ал, шахматтан өткен тақта үстіндегі тартыс шиеленіскен жағдайда өрбіді. Соңғы сәтте ғана сәттілік серік болған Еркін Қожахмет жеңімпаз атанды. Есенгелді Малікбаев екінші орынды еншіледі, үздік үштікті Алтынбек Танталов түйіндеді.
Жеңіске жеткен жеңімпаздар және жүлдегерлер Жетісу облысының спортты дамыту және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубы» КММ-нің Текелі қаласы филиалының бағалы сыйлықтарымен, грамоталарымен, кубоктарымен, медалдарымен марапатталды.
Ғалымжан СҮЛЕЙМЕНОВ,
«Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және

спорттық іс-шаралырды өткізу спорт клубы» КММ-нің

Текелі қаласы филилалының басшысы