«ЕҢБЕК ОТБАСЫ»
Ақсу ауданының атынан облыстық «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқан Шанкетовтар отбасы «Еңбек отбасы» номинациясының жеңімпазы атанды.
Отбасы үшін бұл – үлкен қуаныш әрі маңдай термен атқарған еңбектің еленгенін білдіретін мерейлі сәт. Байқау барысында Шанкетовтар отбасының береке-бірлігі, еңбекке деген құрметі және отбасылық құндылықтарды ұлықтаудағы өнегелі жолы жоғары бағаланды.
«Мерейлі отбасы» байқауы – шаңырақтағы татулық пен сыйластықты, ата-ана өнегесі мен ұрпақ тәрбиесін насихаттап қана қоймай, елге үлгі болып жүрген отбасыларды көпшілікке танытатын маңызды жоба. Осы ретте Шанкетовтар отбасының жеңісі – Ақсу ауданы үшін де үлкен мәртебе.
Адал еңбекті өмірлік ұстаным еткен отбасы мүшелері кейінгі буынға да жақсы үлгі көрсетіп келеді. Олардың бұл жетістігі еңбектің еленіп, отбасы құндылықтарының қашанда биік тұратынын аңғартады.
Шанкетовтар отбасын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпей, ынтымақтарыңыз арта берсін. Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге береке, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!
