МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛМАҚ

0
32

        Ақсу ауданында мал ұрлығының алдын алуға және тұрғындардың мүлкін қорғауға бағытталған «Мал ұрлығына тосқауыл» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Бастама аудан прокуратурасының үйлестіруімен қолға алынған.
Жоба аясында құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, мал сою орындары мен мал өнімдерінің заңды айналымына бақылауды күшейтті. Сондай-ақ автожолдарда мал тасымалдау талаптарының сақталуын тексеруге бағытталған рейдтер ұйымдастырылуда.
Мал қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заманауи тәсілдер де назарда. Жайылымдардағы малды бақылау үшін дрондарды пайдалану ұсынылса, түнгі уақытта жолға шығып кететін жылқылардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жануарларға жарық қайтаратын арнайы ленталар тағу бастамасы көтерілді.
Жоба аясындағы шаралар аудан аумағында мал ұрлығының жолын кесіп, мал иелерінің жауапкершілігін арттыруға және елді мекендердегі қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.

Өз тілшіміз

Ақсу ауданы