Халықтың сотқа деген сенімі арта түсуде
Сот жүйесін цифрландыру бағытындағы реформаларының мәні тәуелсіз сот төрелігіне сенім арттыру мен сот жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, заңдылықты қатаң сақтауға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған. Еліміздегі сот төрелігін атқаруды барынша жақсартып, жетілдіре түсу мақсатында тұрақты түрде жүргізіліп жатқан елеулі өзгерістердің арқасында сот жүйесіне заманауи технология кеңінен енгізіліп, тиімді қолданудың нәтижесінде азаматтардың сот төрелігіне қолжетімдігі барынша жеңілдеді және соттың ашықтығы мен жариялылығы артып, халықтың сотқа деген сенімі нығая түскені даусыз.
Сот төрелігі бүгінде мүмкіндігінше ашық, жария түрде жүзеге асырылуда. Бұл бағытта жасалынып отырған үлкен қадам, ол сот отырыстарын дыбыс-бейне жазба құрылғыларын қолдану арқылы жүргізу. Мұндай амал, сот отырысының хаттамасына қандай-да бір өзгертулер еңгізуге мүмкіндік бермейді. Бұл, сондай-ақ судьяларды және сот отырысына қатысушыларды тәртіпке шақырады, сот процесі мен сот қабылдаған шешімнің объективтілігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы — соттағы істердің қаралу жағынан уақытты үнемдейді.
Бұған қоса, барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу жұмыстары айрықша орын алады.Сот процестерін бейне және таспаға жазудың тиімділігі мен маңыздылығы сот төрелігін іске асыру барысында ешқандай бұрмалаушылықсыз, бейтараптылықпен жүргізілуін қамтамасыз етеді. Бұл сот ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етіп, халықтың сот төрегіліне деген сенімін арттырып отыр. Сонымен қатар ол екінші жағынан аталған жүйенің енгізілуі қағаз бастылықтың қысқаруына септігін тигізіп, бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік туғызды.
Сот әділдігінің ашықтығын жүзеге асыру және сот жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында бүгінгі таңда соттарда «Сот кабинеті» және сот құжаттарымен танысу электронды сервистері іске қосылған. Аталған қызметтерді электронды сандық қолтаңбасы бар азаматтар ала алады. «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы сотқа электронды құжаттар беру тәртібін, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы сот органдарынның ақпараттық жүйесіне оларды қабылдау, тіркеу және өңдеу тәртібін реттейді.
Кейінгі жылдары сот процестерін қашықтықта өткізу тәсілінің де тигізіп отырған пайдасы көп екенін айтпай кетуге болмайды. Осы тәсілдің арқасында қатысушылардың түрлі себептермен келмей қалып, сот отырыстарын кейінге қалдырып, созбалаңға салу жағдайы күрт азайды. Екінші жағынан шалғайда тұратын азаматтардың сотқа келуі үшін жол жүріп, уақытын кетіріп, шығындалуын қысқартты. Міне, осындай, тың тәсілдердің арқасында сот төрелігін атқару ісін барынше жетілдіре түсуге мол мүмкіндік, қолайлы жағдай туғызылып отыр. Осындай игілікті шаралар халықтың сотқа деген сенімін нығайта түсуде.
Анар ТОХТЫБАКИЕВА,
Алматы облысы
Іле аудандық сотының судьясы
