Ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етуде

0
29

      Мемлекетіміздің сот жүйесін жетілдіру жолында тұрақты түрде пәрменді шаралар атқарылу үстінде. Соның арқасында халықтың сотқа деген сенімі де арта түсуде. Ең бастысы соттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі қазіргі кезде оңды шешімін тауып келеді.

Бұл тұрғыда алқабилердің қатысуымен өтетін сот процестерінің де қатары көбейе түсенін айта кету керек. Атап айтқанда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында «Алқабилер сот төрелігін жүзеге асыруға қоғам өкілдерінің кеңінен қатысуына жол ашады. Қазақстанда алқабилер тек аса ауыр қылмыстар бойынша үкім шығара алады. Біз бұл саланы одан әрі дамытып, алқабилердің қарауына берілетін істердің санатын кеңейтеміз. Бұл жаңашылдық сот жүйесін демократияландыруға және оған қоғамның сенімін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өткен болатын. Президенттің осы бастамасын жүзеге асыру мақсатында Жоғарғы Сотта пәрменді шаралар қабылданып, жүзеге асырылуда. Соның арқасында, алқабилер қатысуларымен қаралатын істердің саны жылдан жылға арта түсуде.
Қазіргі таңда қабылданған заңдарға сәйкес, алқабилердің қатысуымен қаралатын істер, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткізіледі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексіне алқабилердің қатысуымен іс жүргізу өндірісі бойынша жалпы ережелерді, сот мәжілісін тағайындаудың ерекшеліктерін, сот талқылауына қатысу үшін алқабилерге кандидаттарды іріктеу рәсімін, істі алқабилердің қатысуымен талқылау ерекшеліктерін реттейтін толық бір бөлім енгізілді.
Алқаби – соттың қылмыстық істі заңда белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақыртылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы, санасы заң қағидаттарының ықпалынан тәуелсіз, қылмыс жасаған адамның кінәлілігі немесе кінәлі еместігі туралы шешім қабылдаған кезде тек ар-ұятты, әділдікті және өзінің сенімін басшылыққа алатын алқа құрамына қылмыстық істер жүргізу заңының талабына сай іріктеліп алынған адам.
Қарапайым тілмен түсіндіретін болсақ, алқабилер сотының қандай артықшылықтары мен ерекшеліктері бар екенін түсіндірсек, алқабилер соты институты Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде оның қоғамдық мәртебесін нығайту, халықтың биліктің тәуелсіз тармағы ретінде соттарға сенімін нығайту үшін қажет. Алқаби дегеніміз – санасы заң қағидаттарының ықпалынан тәуелсіз, қылмыс жасаған адамның кінәлі немесе кінәлі еместігі туралы шешім қабылдаған кезде тек ар-ұятты, әділдікті және өзінің сенімін басшылыққа алатын заң талабы аясында іріктеліп алынған адам. Алқаби болу – әрбiр азамат үшiн құрметтi мiндет. Алқаби сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiнде белгiлi процессуалдық тұлғаға айналады.
Дереккөздерге сүйенетін болсақ алқабилер соты Қылмыстық процестік кодексінің негізгі қағидаттарын жарыспалылық пен тараптардың теңдігін, кінәсіздік призумциясын және басқа да, қағидаттарды бекітуде маңызды рөл атқаратынын көрсетіп отыр.

Айнұр ЕСТАЙ,
Алматы облысы Қонаев қаласы

мамандандырылған тергеу сотының судьясы