Маңызды мәселеге мән берілуде

0
26

          Күнделікті күйбең тіршілігімізде гендер деген сөзді жиі еститініміз құпия емес. Өйткені, бұл кез келген мемлекетте өзекті мәселеге айналған маңызды мәселе болып табылады. Қарапайым сөзбен түсіндіретін болсақ, гендерлік саясат дегеніміз, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылады. Сондықтан гендерлік саясат мәселесіне жан-жақты қарау керек екенін заман ағымы алға тартып отыр. 2000 жылдың қазан айында БҰҰ мыңжылдық саммитінде БҰҰ мыңжылдық декларациясы қабылданды, ондағы белгіленген сегіз мақсаттардың бірі гендерлік теңдікті қолдау болып табылды.

           Мемлекетіміздегі гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады. Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті бекітуде қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше. «Әке баласын тәрбиелейді, шешесі ұлтты тәрбиелейді» деген қазақ мақалы бекер айтылмаған. Ата-бабаларымыз да әйелді құрмет тұтқан. Содан да болса керек, ұрпақ тәрбиесін әйел-анаға жүктеген.
Бүгінгі таңда еліміз батыстық үлгідегі гендерлік саясатты пайдаланып, қыз-келіншектердің құқығын қорғап, олардың қоғамдағы рөлін көтеру ісімен мемлекеттік деңгейде айналысуда. Гендерлік тең құқықтық саласындағы мемлекеттік саясат, әйелдердің экономикалық және саяси өмірге қатысуларының кеңеюі, әлемдік қоғамдастықта жоғарғы бағаға ие болды. Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін барлық жағдай көзделген. Осы маңызды мәселеге мән берілудің арқасында елімізде гендерлік саясат сәтті орындалып, билік тізгінін ұстаған қыз-келіншектердің саны арта түскеніне де көз жеткізудеміз. Оның үстіне гендерлік саясат, әйелдердің қоғамдағы орны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұдайы назарында. Сондықтан да, жалпы, қоғамдағы әйелдің белсенділігі осы күні аса жоғары деуге әбден негіз бар. Соның жарқын дәлеліндей олар әр салада еңбек етуде. Соның ішінде, кәсіпкерлікте де үлес салмағы басым. Мемлекет ісінде жоғары, жауапты қызметтер атқаратын әйелдер қауымы өздерінің білікті басшылығымен ерекшеленіп қана қоймай, Отанымыздың жетістіктеріне де тың дем беруде. Мұның баршасына елдегі реформалар ықпал еткенін атауға тиіспіз.
Азиза СЫДЫҚОВА,

Талдықорған қалалық сотының

бас маманы-сот отырысының хатшысы