ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ

Құрметті талдықорғандықтар!
Сіздерді еліміздің ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі – 25 қазан Республика күнімен шын жүректен
құттықтаймын!
Бұл – халқымыздың азаттыққа деген асқақ арманын ақиқатқа айналдырған, тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына негіз болған тарихи күн. 1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы еліміздің дербес даму жолындағы маңызды қадам болды. Республика күні – елдігімізді айшықтап, бірлігімізді бекемдейтін, өткенімізге тағзым етіп, болашағымызға сеніммен қарауға үндейтін қастерлі мереке.
Еліміздің өркендеуі әрбір өңірдің дамуымен тығыз байланысты. Облыс орталығы Талдықорған қаласы да жыл өткен сайын жаңарып, көркейіп келеді. Қаламызда тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға, әлеуметтік нысандарды дамытуға және қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Әрине, қаламыздың бүгінгі келбеті мен жетістіктері – ең алдымен еңбекқор тұрғындарымыздың, ел игілігі жолында аянбай тер төгіп жүрген азаматтарымыздың ортақ еңбегінің нәтижесі.
Біздің басты мақсатымыз – халықтың сенімін ақтап, Талдықорғанды өмір сүруге жайлы, келешегі кемел, көрікті қалаға айналдыру. Бұл жолда тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен қоғамдық белсенділігі әрдайым маңызды орын алады.
Қадірлі жерлестер!
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аманаты, ал оны нығайтып, келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ парызымыз. Еліміздің ең басты байлығы – бейбітшілік, татулық пен бірлік. Осы құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, туған жеріміздің дамуына бірлесе үлес қоса берейік!
Осынау айтРеспублика күні —
елдігіміздің мерейлі белесіулы мерекеде әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Еліміздің егемендігі мәңгілік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің мерейі үстем болсын! Республика күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Талдықорған қаласының әкімі
Ернат БӘЗІЛ
Республика күні —
елдігіміздің мерейлі белесі
Құрметті жетісулықтар! Сіздерді ұлттық мерекеміз —
Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекенің тарихымыздағы орны ерекше. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміздің дербес даму жолына түсуіне негіз қаланды.Сондықтан Республика күні — тәуелсіздігіміздің бастауларын еске алып, елдігіміз бен бірлігімізді ұлықтайтын маңызды мереке.
Елдің еңсесін көтеріп, болашағын баянды ететін күш — бірлік пен жасампаз еңбек. Әр азаматтың өз ісіне жауапкершілікпен қарап, туған жерінің дамуына қосқан үлесі мемлекетіміздің дамуына қызмет етеді. Жетісу өңірінің көркеюі де тұрғындардың ынтымағы мен еңбегінің, ел болашағына деген сенімінің нәтижесі.
Алдымызда жүзеге асыратын міндеттер мен биік мақсаттар аз емес. Соларға жету үшін ел ішіндегі татулықты сақтап, ортақ іске жұмыла білу маңызды. Бірлігі бекем жұрттың алынбайтын асуы жоқ. Еліміздің әр өңірінде игі бастамалар жалғасын тауып, халықтың әл-ауқаты арта берсін.
Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Әр шаңырақта шаттық орнап, еліміздің келешегіне деген сенім нығая берсін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, көк туымыз әрдайым биікте желбіресін!
Республика күні құтты болсын!
Текелі қаласының әкімі
Айдос Бекетаев
Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды еліміздің қастерлі мерекелерінің бірі –
Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 25 қазан – халқымыздың тәуелсіздік жолындағы тарихи таңдауын айқындаған, мемлекетіміздің егемендігі мен елдік мұраттарын ұлықтайтын айрықша мереке.Бүгінде еліміздің дамуы мен болашағы әр азаматтың адал еңбегіне, жауапкершілігіне және ел тағдырына деген жанашырлығына байланысты.
Біздің ауданымыздың да басты байлығы – оның еңбекқор халқы, берекелі тіршілігі мен жарқын болашаққа деген сенімі. Қасиетті жеріміздің көркеюі, тұрғындардың әл-ауқатының артуы, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолындағы жұмыстарымыз ел игілігі үшін атқарылып келеді. Алдағы уақытта да ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайтып, халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғасын табады деген сенімдемін.
Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін! Еңбектеріңіз жемісті, бастамаларыңыз сәтті болып, әр шаңырақтан қуаныш пен жақсылық арылмасын. Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыз аман болсын! Киелі жеріміздің мерейі үстем бола берсін!
Республика күні құтты болсын!
Қаратал ауданының әкімі
Ұлан Әлдибекұлы Досымбеков
ҚҰРМЕТТІ ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Баршаңызды еліміздің ең маңызды мерекесі –
Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылы 25 қазанда тәуелсіздіктің бастауы егеменді Қазақстан Республикасы болдық. Яғни біз көптеген ішкі мәселелерімізді Москваның рұқсатынсыз – ақ шеше алатын жағдайға жеттік. Республика күні бізге ата-бабамыз аманаттаған тәуелсіздіктің қадірін терең сезіндіріп, Отанға деген махаббатымызды арттыра түседі. 2022 жылғы қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бұл күнге ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды
Ескелді ауданы – тарихы тереңде жатқан, дәстүрі дарқан, еңбекқор да қонақжай халқы бар берекелі өңір. Туған жеріміздің көркеюі, ауданымыздың өркендеуі, жерлестеріміздің әл-ауқатының артуы – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Бірлігі жарасқан елдің болашағы әрдайым жарқын болмақ.Осы айтулы мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға бақ-береке, молшылық тілеймін! Еңбектеріңіз жемісті, жоспарларыңыз іске асып, әр үйде қуаныш пен шаттық салтанат құрсын! Еліміздің тыныштығы мен бірлігі бекем болсын!
Ескелді ауданының әкімі
Ахметов Елдос Тұрсынбайұлы
РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ, ЕЛДІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Республика күнімен Көксу ауданы әкімдігінің атынан құттықтаймын!
Республика күні – халқымыздың мемлекеттілік жолындағы тарихи таңдауын айқындап, тәуелсіздікке бастар жолдың маңызды белесіне айналған айрықша күн. Бұл мереке елдігімізді дәріптеп, ұлттық рухымызды асқақтатумен қатар, азаттықтың қадірін терең сезініп, ортақ Отанымыздың болашағына деген жауапкершілігімізді арттыра түседі.
Бүгінде Қазақстанның өркендеуі жолында әр өңірдің өзіндік орны бар. Туған жердің гүлденуі мен елдің дамуы өзара сабақтас. Осы ортақ мақсатқа Көксу ауданының тұрғындары да адал еңбегімен үлес қосып келеді. Ауданымызда ауыл шаруашылығы мен өндірісті дамыту, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Мұның барлығы туған өлкеміздің әлеуетін нығайтып, келешекке берік негіз қалауға бағытталған. Республика күні – өткенімізге тағзым етіп, бүгінімізді бағалап, ертеңімізге сеніммен қарайтын мереке. Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін! Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, бірлігіміз мәңгі, болашағымыз жарқын болсын! Қасиетті Көксу жері көркейіп, еліміздің мерейі үстем, халқымыздың абыройы асқақтай берсін!
Республика күні құтты болсын!
Көксу ауданының әкімі
Дәулет Кенжеханұлы Халелов
Жасай бер, Қазақстан!
Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде Қазақстан жаңа даму кезеңіне қадам басып, ел болашағы үшін маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда. Жаңа Конституцияның қабылдануы – осы жолдағы маңызды қадамдардың бірі. Ата Заң – мемлекеттілігіміздің берік негізі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Оның басты мәні заң үстемдігін сақтау, әділетті қоғам қалыптастыру және әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігін арттырумен тығыз байланысты.
Елдің өркендеуі әр өңірдің дамуы мен азаматтардың еңбегінен басталады. Осы бағытта Алакөл ауданында да тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, ауыл шаруашылығы мен туризмді өркендету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Басты мақсат – ауданымыздың әлеуетін тиімді пайдаланып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және келер ұрпаққа дамыған өлке қалдыру.
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда ел бірлігі мен ортақ іске деген жауапкершіліктің маңызы зор. Ауданымыздың өсіп-өркендеуі – баршамызға ортақ мақсат. Сондықтан туған жерді көркейтуге үлес қосып, ел болашағы үшін бірлесе еңбек етуіміз қажет.
Осы мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық салтанат құрып, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Туған жеріміз гүлденіп, Қазақстанымыздың абыройы асқақтай берсін! Республика күні құтты болсын!
Құрметпен,
Алакөл ауданының әкімі
Алмас Сапарғалиұлы Абдинов
Еліміздің егемендігі баянды, бірлігіміз бекем болсын!
Құрметті ақсулықтар! Ардақты жерлестер!
Сіздерді еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Республика күні – халқымыздың мемлекеттілік тарихындағы айрықша белесті айқындайтын, елдігімізді ұлықтап, ұлттық рухымызды асқақтататын мереке. Тарих үшін қас-қағым сәт саналатын осы кезеңде еліміз дербес мемлекет ретінде қалыптасып, халықаралық аренада өзіндік орны бар мемлекетке айналды. Экономикамыз дамып, әлеуметтік саламыз жаңарып, ұлттық мәдениетіміз бен руханиятымыз өркендеді. Мұның бәрі – халқымыздың бірлігі мен табанды еңбегінің, ел болашағына деген сенімінің нәтижесі. Әрине, туған өлкенің өркендеуі – тек құрылыс пен жаңарудың нәтижесі емес. Оның негізінде елге деген жанашырлық, адал еңбек, ауызбіршілік пен ортақ жауапкершілік жатыр. Ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына, ардагерлерге, ұстаздарға, дәрігерлерге, мәдениет және спорт саласының қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, жастарға және барша белсенді азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да ауданымыздың әлеуетін арттырып, елді мекендерді көркейту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.
Біздің басты мақсатымыз – әрбір тұрғын өзін туған жерінің дамуына үлес қосатын азамат ретінде сезінетін, жас ұрпаққа мүмкіндіктері мол, өмір сүруге қолайлы аудан қалыптастыру.
Республика күні – өткенімізге тағзым етіп, бүгінімізді бағалайтын, болашаққа сеніммен қарайтын мереке. Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыздың мерейі үстем бола берсін! Республика күні құтты болсын!
Ақсу ауданының әкімі
Берік Тынышбаев
Республика күні – Қазақстанның тұңғыш тарихи қадамының символы
Қадірлі жерлестер! Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі – 25 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республика күні – халқымыздың егемендікке деген ұмтылысын, елдігіміздің берік негізін және тәуелсіздігіміздің тарихи бастауларын айшықтайтын ерекше мереке. Бұл күн Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына жол ашып, азаттыққа бастап, маңызды саяси-құқықтық негіз қалады. Республика күні алғаш рет 1992 жылы аталып өтті. Кейін 2001 жылы мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болғанымен, 2009 жылы мерекелер тізімінен алынып тасталды. Ал 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда айтқан ұсынысына орай Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайта берілді. Сөйтіп, халқымыз үшін тарихи маңызы зор бұл мереке қайта жаңғырды. Сондықтан Республика күні – бүкіл еліміз үшін ерекше мәнге ие, айрықша дата! Республика күні – елдігімізді дәріптеп, егемендігімізді бағалайтын, өткенімізге тағзым етіп, болашағымызға сеніммен қарайтын ұлық мереке. Бұл күн әрқайсымызға Отан алдындағы жауапкершілігімізді сезіндіріп, туған жеріміздің көркеюіне үлес қосуға жігер береді. Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, егемендігі еңселі болсын! Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасымды болғай! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көк байрағымыз көгімізде мәңгі желбірей берсін!
Құрметпен
Панфилов ауданының әкімі
Сағымбек Ғалымжан Рахымбердіұлы
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Ұлттық мереке — Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 36 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – тәуелсіздігіміздің бастауы болған ата-бабамыздың арманы жүзеге асып, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн, ұлттық мереке .
Тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры саналатын Республика күнінің маңызы зор. Халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мейрам.
Республика күнінің қазіргі өскелең ұрпақ үшін маңызы жоғары. Еліміздің осы уақыттан бері бағындырған шыңдары да, атқарған игі істері де жетерлік.
Сонымен қатар, мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі. Осынау Ұлы күні баршаңызға амандық тілеймін, еліміз еңселі, болашағымыз жарқын, көк Туымыз аспанда мәңгі желбіресін демекпін! Бірлігіміз бекем, ел іргесі аман, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын, құрметті ағайын!
Мереке құтты болсын!
Құрметпен,
Кербұлақ ауданының әкімі
Ж. Жүнісбеков
ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕҢСЕСІ БИІК
Құрметті Жетісу жұртшылығы! Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республика күні – мемлекеттілігімізді нығайтып, егемендігімізді айқындаған, елдігіміз бен бірлігімізді дәріптейтін айрықша мереке. Бұл күн – халқымыздың азаттыққа деген асқақ арманын, тәуелсіз ел болуға деген ұмтылысын бейнелейтін тарихи белес. Сондықтан Республика күні әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызға ие.
Қасиетті Жетісу жері – тарихы терең, табиғаты көркем, еңбекқор халқының берекесімен ерекшеленетін өлке. Өңіріміздің өркендеуі мен туған жеріміздің көркеюі – ортақ мақсатымыз. Сарқан ауданының тұрғындары да ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және келер ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыруға өз үлестерін қосып келеді. Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында алдағы уақытта да талай биікті бағындыратынымызға сенім мол.
Осы мерейлі мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақ-береке тілеймін! Еліміздің аспаны әрдайым ашық, халқымыздың ынтымағы бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Қазақстанымыздың абыройы асқақтап, туған өлкеміз өркендей берсін!
Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Сарқан ауданының әкімі
Ғалымжан Қанатұлы МАМАНБАЕВ










