Күрделі де көп салалы қызмет

Сот отырысының хатшысының қат-қабат жұмысы жайлы, оның сот отырысының уақтылы әрі талапқа сай өтуіне қосар үлесінің мол екенін турасында көпшілік біле бермейді. Бірден қарағанда, сот хатшысының жұмысы мардымсыз болып көрінеді. Кейбіреулер бұл жұмыс тек сот залында болуды ғана қамтиды деп ойлайды. Алайда, бұл олай емес, егер мұқият назар аударатын болсақ, сот хатшысы судьямен бірлесіп жұмыс жасау және сот ісін жүргізуді ұйымдастыру процесінде маңызды орын алады. Бейнелеп айтатын болсақ, сот отырысының хатшысы судья қызметінің тиімділігіне тікелей әсер ететін судьяның бас көмекшісі болып табылады. Оның негізгі функционалдық міндеттері процеске қатысушыларды сот отырысына уақтылы шақыру, сот процесінің сапалы аудио-бейне жазбасын, құжаттарды ұқыпты, сауатты ресімдеу, сот актілерін тараптарға уақтылы жіберу және сот актілерін заңда белгіленген мерзімдер шеңберінде орындау болып табылады.
Сот отырысы хатшысының жұмысы күрделі, көп салалы, сөйте тұра қызықты да. Сот процесінде хатшы жүріп жатқан істің барысын, сот процесіне қатысушылардың айтқан сөздерін хаттамаға түсіріп қана отыратын сияқты. Алайда, сот процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, іс бойынша өзіндік айғақ саналатын сот құжаттарының, сот отырысы хаттамасының дұрыс, нақты, сауатты толтырылуы осы хатшыға байланысты. Хатшы, сонымен қатар, тараптардың сот отырысына келуін қамтамасыз етіп, азаматтық және қылмыстық істерді ресімдеп, сот актілері мен басқа да құжаттарды іс жүргізу нұсқаулығына сәйкес сатыларға жолдайды. Соттың жұмысы мен беделі көп ретте сот отырысы хатшысының жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуіне, жауапкершілігіне, біліктілігі мен ұқыптылығына байланысты.
Сонымен қатар сот отырысының хатшылары судьялар қараған қылмыстық іске де, азаматтық іске де тікелей қатаса жүріп, азаматтық кодекс, азаматтық процесстік кодекс, қылмыстық, қылмыстық процесстік кодекс және тағы басқа салаларға қатысты заңдарды неғұрлым терең игеруге зор мүмкіндік алып, өздерінің кәсіби және зияткерлік деңгейін жетілдіреді. Сот процестеріне қатысып, білікті заңгерлердің жұмыс тәсіліне қанығып, іс материалдарымен танысып жүрген маман қаралған даулар бойынша өзіндік талдау жасап, өзінше ой түйеді. Талапкер мен жауапкердің тарапынан екі бөлек мүддені қорғаған тәжірибелі заңгерлердБұлбұл АСЫЛБЕКОВА, Талдықорған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы
ің дауды өз пайдасына шешу үшін жасайтын түрлі айла-шарғыларына куә болудың өзі бір қызық.
Осылайша, сот отырысының хатшысы болып бірнеше жыл қызмет істегендер мол тәжірибе жинақтап, көбіне кейіннен судьялық мансапқа ауысып жататыны да сондықтан.
Бұлбұл АСЫЛБЕКОВА,
Талдықорған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы










