Жетісуда жаңа денсаулық ғимараттары пайдалануға берілді

Жетісу облысында медициналық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жалғасуда Талдықорғанда бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын жаңа қалалық емхана пайдалануға беріліп, күрделі жөндеуден кейін Ақсу және Кербұлақ орталық аудандық ауруханалары ашылды. Ескелді ауданында соңғы 3 жылда 25 әлеуметтік нысан салынса, оның 18-і – денсаулық сақтау нысаны. Ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында Ескелді ауданында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Медицина қызметкерлері үшін жаңа ғимараттарды жұмыс істеуге жақсы жағдай жасалып, ауруларға көрсетілетін қызмет сапасы көп жағдайда жаңа заманауи медициналық жабдықтарға байланысты болғандықтан жаңа жабдықтар қойылды. Ең бастысы – дәрігерге уақытында қаралып, қажетті көмек алуы.









