Президент жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс қабылдануы мүмкін екенін айтты. Ол қолданыстағы заңнаманың қазіргі экономикалық және технологиялық өзгерістерге толық жауап бере алмайтынын айтып, Құрылтай депутаттары мен Үкіметке жаңа кодексті әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Мемлекет басшысы құжатты келесі жылдың соңына дейін қабылдау қажеттігін атап өтті. «Қолданыстағы Азаматтық кодекс өткен ғасырдың 90-шы жылдарында қабылданды. Кодекс өзінің тарихи миссиясын толық атқарып шықты десек – артық болмайды. Бұл құжат нарықтық экономиканың негізгі институттарын құруға жол ашты, меншікті қорғау қағидатын бекітті. Бұған қоса, жаңа тарихи дәуірдегі азаматтық қатынастардың құқықтық негізін қалыптастырды. Дегенмен қанша жерден сапалы болса да, бұл Азаматтық кодекс өтпелі кезеңдегі экономика үшін әзірленді», – дейді мемлекет басшысы. Оның айтуынша, сол кезде озық технологиялардың заты түгіл аты да жоқ болатын.
(Жолдаудың толық мәтіні 4-5 беттерде)










