Талдықорғандықтарды тақырға отырғызған алаяқ

0
1170

Алматы облысының экс-әкімі, бүгінде сенат депутаты Аңсар Мұсаханов басқарғанда Талдықорған өңіріндегі елді мекендерді газдандыру мақсатында «ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ бас директоры Серік Сұлтанғалимен Талдықорғанда кездесу өткізіп, аталған өңірді газдандыру жұмысын жылдамдату үшін қосымша меморандумға қол қойған-ды. Бұл жұмысқа бюджет қаражатынан тыс акционерлік қоғам тарапынан 5 миллиард теңге қаржы салынған. 2012 жылы басталған бұл жұмыс 2015 жылы толық аяқталуы тиіс болған. Алайда, күні бүгінге дейін сағыздай созылған бұл жұмыс әлі толық аяқталмай келеді

Өткенде облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы осы газ желісімен айналысатын компаниялардың басын қосып, сын тезіне алған-ды. Өңірде 741 елді мекеннің 473-не табиғи газ тартуға болады. Газды 123 елді мекенге әкелгенімен, тізімде көрсетілген 19 елді мекенді есепке алмағанда, барлық газ құбырларына сұйық отын жіберілмегені айтылды. Тек қана Талдықорған қаласындағы 50 000 абонементтің 2 000-ы ғана сұйық отынмен қамтылыпты. Ұмытпасақ, екі жыл бұрын үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев келгенде көзбояушылыққа барып «Талдықорғанға көгілдір отын жеткізілді» деп алау жаққанымыз бар. Анығын айтқанда облыс орталығы әлі сұйық отынмен толық қамтылған жоқ. Ішінара жеке тұрғын үйлерге қосылғаны АЛАЯЌ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырысы бойынша «САНДЖ» зерттеу компаниясының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізген қоғамдық мониторинг нәтижесінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жайкүйі туралы ақпарат беру» қызметі үздік бестіктің қатарына енді. Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қатысты қоғамдық мониторинг 2018 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында өткізілді. Зерттеу барысында Қазақстанның барлық өңірлерінде 10 000 қызмет алушы арасында сауалнамалық сұрау жүргізілді. Бұл ретте көрсетілетін 60 мемлекеттік қызмет негізге алынды. Мониторинг аясында қызмет алушылар арасында сауалнамалық сұрау жүргізіліп, қызмет көрсетуші мен қызмет алушылардан тиянақты сұхбаттар алынды. Сонымен қатар «Құпия сатып алушы» әдісі бойынша бақылау жүргізіліп, бірқатар фокус-топтық талқылаулар ұйымдастырылды. болмаса, жапатармағай қосылуға халықтың да қалтасы көтермей тұр. Бірақ, мұнда да алаяқтардың арбауына шырмалған талдықорғандықтар сот табалдырығын тоздырып соттасып жүр. «Біреу тойға айналғанда, біреу қойға айналыпты» дегендей, алаяқтың бірі сонау сыр елі Қызылордадан келіпті. Талдықорған қалалық соты құрамында төрағалық етуші судья А.Тохтыбакиеваның қарауымен жәбірленушілер А.Ким, О.Муса, В.Манченко, Л.Хегай, Л.Ахмад, А.Оразымбетов, А. Ишмухамедов, Т.Сейсебаев, Е.Ольшанская, О.Пак, Ж.Махан, А.Жалелхан, О.Ким, Г.Меркулов, Л.Мирошниченко, Е.Саркытбек, О.Шашкина, А.Ильясов, Н.Батыршаев, С.Барбаров, С.Курманбаев, А.Турарбекова, В.Кузьменко, О.Тимофеева, А.Игисинова, А.Мырзатаева, А.Нурланов, К.Баелов, Орынбаев, С.Турванов, Б.Нурахунова, О.Парахневич, Н.Майбо, И.Маркович тақырға отырғызған алаяққа қатысты сот процесі аяқталды. 1992 жылы Қызылорда облысында туылған сотталушының білімі орта, үйленген. Азамат ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен айыпталып отыр. 40-қа жуық адамдарды арбап, олардың мүлкін жымқыруды көздеген алаяқ Талдықорғанға жайдан-жай келмепті. Өзін «ГазТрансАймақ» ЖШС-нің директорымын деп таныстырып, газ жүргізу және газ магистраліне қосу қажет, газды қосып беремін деген сотталушы тұрғындардан елу мыңнан төрт жүз елу мыңға дейін қаражат жинап алыпты. Сот талқылауында сотталушы Д.С. өзінің кінәсін толық мойындап, істеген ісіне шын ниетпен өкінетінін айтты. Мұндай қулықты қайдан біліп жүр десек, Қызылорда қаласында газбен айналысатын фирмада күзетші болып істепті. 2018 жылдың мамыр айында жұмыс іздеген ол Жетісуға жол тартады. Ал, оның бауыры «ГазТрансАймақ» ЖШС-де қызмет жасайтын досы С. Рысбаевтың байланыс телефонын беріпті. С. Рысбаевпен кездесіп, газ жүргізу бойынша жұмыс істегісі келетінін айтқан сотталушы келесі күні С. Рысбаевтан шарт үлгісі мен мөрін тұтынушыларға көрсету үшін сұрапты. Ол шарттың 40 дана көшірмесін түсіріп, оларға «ГазТрансАймақ» ЖШС-нің мөрін басқан. Мөр біткен соң өзі бұрын істеген «КЭЛМОСС» ЖШС-нің мөрін қойып, С. Рысбаевқа мөрді қайтарып беріпті. Жымысқы әрекетін жүзеге асырмақ ниетімен көше аралайды. ЖШС-де инженер немесе директор болып істеймін деген алаяққа газ құбырларын жүргізу және қосумен айналысатынын, сондай-ақ, ЖШС тарапынан заңдастыратыны туралы айтқанда, алданған жәбірленушілер онымен келісімшартқа отырыпты. Торғайды арбаған жыландай, газ тұтынушылардан қомақты ақша жинаған алаяқ хабарландыру бойынша дәнекерлеушілерді тауып, үйлерге газ желісінің құбырларын да тартқан. Заңсыз әрекетінің шеті осымен тұйықталып, іс жүзінде газға қосуға оның мүмкіндігі болмаған. Жұмысқа белсене кіріскені сондай, жалғыз өзі үлгере алмай жатқандықтан ол хабарландыруларды интернет желісі арқылы беріп, агенттерді тартқан, ал олар болса клиенттерді көптеп тартыпты. Аида, Гульден, Азат және Азамат есімді қызметшілер ешбір күмәнсіз жұмыс істеп, оның газ қосуға және құжаттарын рәсімдеуге мүмкіндігі жоқ екеніне шүбә келтірмепті. Алаяқ ешкімнің күмәнін тудырмас үшін Талдықорған қаласында Балпық би көшесі, №37 үйден офисті жалдаған. Ағасының досы «ГазТрансАймақ» ЖШС-нің директоры С. Рысбаевтың сенімін пайдаланған алаяқ Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағымен айыпты деп танылып, 3 жыл 6 айға темір торға тоғытылды. Сотталушы сотта азаматтық талап-арыздарды толық мойындап, оларды қандайда бір мүмкіндік туғанда өтеуге уәде берді. 9 томдық қылмысқа қатысты әлі де, Талдықорған қаласының тұрғындарынан шағымдар түсіп жатқаны белгілі болды.

Айтақын МҰХАМАДИ


ПІКІР ЖАЗУ