ҰЛТ БОЛАШАҒЫ — ОТБАСЫДАН БАСТАЛАДЫ

0
25

Ұлттық мәдениет және отбасылық құндылықтар саласындағы республикалық сарапшылардың қатысуымен  50 адамды қамтитын конференция өткізілді. 2025 жылдың 05 қараша күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің бас оқу ғимаратаның «А. Айымбетов атындағы оқу залында» «Ұлт болашағы-отбасынан басталады» тақырыбында конференция өтті. Шараға 150 — ден астам қатысушы жиналып, отбасы, ұлттық мәдениет және отбасылық құндылықтар тақырыбында өзекті мәселелер сөз етілді. Спикер — Жетісу облыстық дін істері басқармасының Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Ақпараттық түсіндіру жұмысы және БАҚ-пен байланыс бөлімінің маман-теологы Бөлекбаев Ерік Аманкелдіұлы, Республикалық сарапшылар — Қазақстан Халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрағасы, Құрмет орденінің иегері, Талдықорған қаласының құрметті азаматы — Жамал Қасымбекқызы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазқастанның құрметті журналисі, ҚР Мәдениет қайраткері — Жұмахмет Жанахметұлы.

Шараның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, ұлттық тәрбиенің жаңаша форматын қарастыру, заманауи ақпараттық қоғам жағдайында жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолдарын анықтау және сарапшылар мен қоғам өкілдері арасында ашық пікір алмасу алаңын құру болды. Конференция төмендегі міндеттерді қамтыды: Отбасы институтының қазіргі жағдайына сараптамалық талдау жасау; Ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылау; Әр өңірдегі тәжірибелерді, үздік практикаларды ортаға салу; Жастар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту жолдарын ұсыну; Сарапшылар мен қатысушылар арасында диалогтық алаң құру.Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан зор қызығушылық пен қолдау тапты. Конференция нәтижесінде: Отбасы мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған бірқатар ұсыныстар жасалды;Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиелік бағдарламалар дайындау қажеттігі атап өтілді, Әр сала мамандары арасындағы кәсіби байланыс күшейді; Отбасылық құндылықтарды сақтау жөніндегі жаңа бастамаларға негіз қаланды; Студенттер үшін мотивациялық әсері зор рухани-танымдық орта қалыптасты.

 

Арайлым МҰХИТҚЫЗЫ