Алаяқтық әрекетке барған күдікті ұсталды

0
2570

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, алаяқтық әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен Талғар ауданының 37 жастағы тұрғыны ұсталған.  Күдіктінің  жалпы сомасы 7 миллионға жуық материалдық шығын келтіргені анықталды.   

Талғар қалалық полиция басқармасы бастығы, полиция полковнигі Ерлан Қасымның айтуынша, Талғар ауданының тәртіп сақшыларына бірнеше тұрғын арызданып, жақын таныс емес азаматтың әрекеттерінен ірі көлемде зардап шеккендерін жеткізіпті.  Тергеу барысында алаяқ өз құрбандарына нарықтан төмен бағада жер телімдерін алып берем деп қолдарында бар қомақты қаржыны алып, сан соқтырып кеткен екен.

Арнайы  ақпаратқа сәйкес, күдікті былтырғы жылдың соңында өзінде жоқ жерлерді алып берем деген желеумен бір тұрғыннан 2,7 миллион, екінші азаматтан 1,2 миллион, ал үшіншісінен 3 миллион теңгеге бағалап, «Тойота» маркалы автокөлігін алып кеткен.

Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алаяқтық жасады деген күдікпен Талғар ауданының бұған дейін сотталмаған 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұлтартпас айғақтар негізінде күдікті қылмыстарын мойындады. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бары тексерілуде. Күдікті сот шешімімен мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды, –  деді полиция полквонигі Ерлан Қасым.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ