«ДӘРІГЕРЛЕРДЕН АЙНАЛДЫМ»

0
1898

Редакциямызға арнайы келіп, ақ желеңді абзал жандарға алғысын білдірген апамыздың екі сөзінің бірі «дәрігерлерден айналдым» болды. «Жиырма алты күндей үйде жатып, болмаған соң жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілдім. Жиырма бір күн ем алып, бүгінгі күн батырларының арқасында дертімнен айықтым, – дейді Түкетай апа.

Апамыздың айтуынша, сол сәттегі ауруханадағы көрі-ністі айтып жеткізу мүмкін емес. Ал, коронавирус дертіне шалдығып, аурухана төсегіне таңылған әр жанға бар мейірім-шуағын төгіп, әр сырқат үшін жан ауыртқан дәрігерлердің еңбегі бір төбе.
«Ауруханаға өте ауыр халде түстім. Талай күн үйде жатып, нәр татпадым. Тамаққа тәбетім мүлдем болмады, тек су ғана іше бердім. Шынымды айтсам, бұл жарық дүниені тағы көремін деп ойламадым. Ауру алқымнан алып, жан азабын тартқанда не істеріңді білмейді екенсің. Жасым 80-де. Дәрігерлердің кәсіби мықтылығына таң қалдым. Әрқайсысы бір келіп, қызуымды қадағалап, үнемі бақылап, былайша айтқанда, тажалдың тырнағынан жұлып алып қалды ғой.
Үстілеріндегі арнайы киім де бастан-аяқ жабық, түрлері көрінбесе де, олардың көздерінен мейірім отын сездім. Палатаға кіргеннен жағдайымызды сұрап, әрқай-сымыз үшін алаңдап жүрді. Ауыр халде жатқанымызда тек дәрісін ғана салып қоймай, бізден тамақ жеуімізді өтініп, көңілімізді көтеруге де медеу болды. Адамның жанын ара-шалап жүрген дәрігерлерге мың еселеп алғыс айтсам да артық болмас деймін.
Ә деп жедел жәрдем келгенде, ондағы жігіттің: «Апа, алаңдамаңыз. Сізді өте жақсы ауруханаға апара-мыз. Дәрігерлері жоғары дә-режелі, өз ісін жетік білетін мамандар әрі ондағы құрал жабдықтар да жаңа» деді. Сөйтсем, баяғы облыстық туберкулез диспансері, қазіргі атауы облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы деп аталатын болыпты. Айтқандай-ақ, кере-мет екен. «Дәрігер ең алдымен сөзімен емдейді» дегенді де сол орталықтағы ақ желеңділерді көргенімде көз жеткіздім. Ел басына күн туғанда күн-түн демей еліне қызмет қыла білді. Осы індет басталғалы отбастарын көрмей, үйлеріне бармай, қонақ үйде қонып жүр-гендердің еңбектері мемлекет тарапынан бағаланғанына іштей қуанып жүрмін. Ко-ронавируспен күресте кірпік қақпай, демалыссыз қызмет еткен дәрігерлер: Шаихслам Мұқаевқа, Нұр-бол Нұрғалымұлына, Ақат Матаевқа, сондай-ақ, нау-қастың денсаулығына дәрі-герден кем жауап бермейтін мейірбике қыздар: Гүлмира, Айман, Жәмилә, Әсем, Мира, Кәмиләға, тазалықшыларға аналық алғысымды білдіргім келеді. Елдің саулығы үшін аянбай тер төгіп келетін абзал жандарға Аллам күш-қуат беріп, ұзақ ғұмыр бергей», – дейді Талдықорған қаласының тұрғыны, зейнеткер Түкетай Сәулебекқызы.
Білгірлердің бірі айтқандай, «дәрігердің мамандығы – бұл ерлік, ол өзіне құрбан болуды, ойдың, ниеттің адал болуын қажет етеді. Дәрігер ой санасы анық, пиғылы, мінез-құлқы таза, адал және мұнтаздай болу керек». Расында да, дәрігер үшін зардап шеккен адам, кім болса да – дос немесе қарсылас, оң немесе кінәлі болған күнде де оның өмірін арашалап алып қалуға тырысады. Өзгені құтқару үшін барын салады, жанын береді. Ендеше, бүгінгі күннің қаҺармандарын қолымыздан келгенше құрметтеп, қадірлей білейік.

С. ӘЙТЕНОВА.

Кілтсөздер:АЛҒЫС


ПІКІР ЖАЗУ