«Халық алғысына» бөленгендер

0
2323

Биыл елімізде коронавирус пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен  азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Олардың қатарында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік  қорғау және пандемиямен күресте елеулі еңбек етіп, жемісті жұмыс істеген түрлі саланың мамандары бар. 

Марапат  иегерлері  қатарында   індет  ошағында жүріп, елге ақпарат  таратқан  БАҚ өкілдері  де бар. Төртінші билік өкілдеріне марапатты облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалиасқар Сарыбаев салтанатты түрде табыстап, жылы лебізін білдірді.

«Халық алғысы» медалі Мемлекет басшысының Жарлығымен індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген азаматтарға ғана беріледі. Ал, карантин кезінде қызмет еткен 275 жетісулыққа «Халық алғысы» медалі берілді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

Кілтсөздер:МАРАПАТТАУ


ПІКІР ЖАЗУ