Жазушымен жүздесу

0
2630

 

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында  «Туған жерге тағзым» жобасы аясында Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Алтын тобылғы», «Алтын қалам» әдеби сыйлықтарының иегері, «Сүлікқара», «Қызыл сақа», «Тибет аруы» атты кітаптардың авторы  жазушы  Есболат Айдабосын мырзамен  кездесу өтті.

Өз кезегінде  автор шығарған  кітаптарына  жеке-жеке тоқталып, соңғы шыққан 4 бөлімнен тұратын «Тибет аруы» кітабы жайында  баян етті.  Мәселен,  дала тарихын құрайтын бөлімінде Жетісу өңірінде өмір сүрген Байсерке, Қожеке сияқты күйшілер туралы зерттеген тарихи   жазбалары кіргендігін әңгімеледі. Ондағы мақсат қазақтың күй өнеріндегі көмескіленіп, ұмытыла бас-таған  тұлғаларды оралту екендігін де  айтты.

Шара барысында оқырмандар автордың өмір жолымен, шығармашылығымен кеңінен танысты. Сондай-ақ,  өздерінің сауалдарын  қойып, тұщымды жауаптар алды.

С. ҚАЖАЕВА,

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының меңгерушісі.

Кілтсөздер:ШАРА


ПІКІР ЖАЗУ