Референдумды қолдау мақсатында кездесу өтті

0
1248

Достық  үйінде Облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен  алда өтетін  Референдумды қолдау бағытындағы   кездесу өтті.

Республикалық штаб мүшелерінің өкілдері және Алматы облысындағы «Ассамблея жастары» РҚБ Өкілдігі мүшелерінің қатысуымен өткен жиынның басты мақсаты – референдум еліміздің жарқын келешегінің іргетасын қалайтын аса маңызды оқиға екендігін түсіндіру. Әрбір адамның дауыс беріп, жаңа Қазақстан құруға ат салысу керектін жастарға жеткізу.

Конституциялық референдум тұтас мемлекетіміздің болашағына әсер етпек.

Конституциялық бастамалардың заңды негізін қамтамасыз ету үшін Ата заңымыздың 33 бабына түзетулер мен толықтырулар енгізілмек, ал бұл Конституцияның үштен бір бөлігі болып табылады.

Жиын ұйымдастырушысы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ директор орынбасары Руфина Қасымқызының айтуынша, бүгінгі таңда трансформация тек қазақстандық қоғамда ғана емес, бүкіл әлем ауқымды өзгерістерді бастан кешуде, адамзат қарқынды прогресс пен ауқымды өзгерістердің жаңа дәуіріне аяқ басып отыр. Сондықтан біз осы прогрестен тыс қалмай, өзгерістерге бейімделіп, жаңаша дамудың көшінде ілгері болуымыз керек.

Жиын барысында «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Ғабдуллаұлы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы, Start–up академиясының жетекшісі Дамир Дигай  мен Алматы облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының сарапшысы Ұлан Боранбайұлы бір ауыздан жастарды жігерлендіріп, жаңа Қазақстан құру жолында барынша ат салысуға шақырды.

А. БЕКМОЛДИНА

 


ПІКІР ЖАЗУ