Жаңашылдық — заман талабы

0
1227

Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханада  «Инсультты емдеу. Cerebra» тақырыбында конференция өтті. Жиынға невропатологтар, нейрохирургтер, реаниматологтар, жедел жәрдем дәрігерлері және КТ, МРТ мамандары  қатасып, арнайы бағдарламамен танысты.

«Cerebra» жобасы ишемиялық және геморрагиялық инсультті автоматты түрде анықтауға арналған нейрорадиология саласындағы жасанды интелект. Янғи бұл инсультті ерте кезеңде анықтап, 10 минутқа дейін инсульт белгілерін диагностикалауға және өлім мен мүгедектік қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Өлімге апаратын аурулардың ішінде бірінші орынды алатын бұл дертпен жылына аз дегенде 40 мыңға жуық адам ұшырайды екен. Бұл адам көзінің көру шектігінің салдарынан дейді мамандар. Цитоксикалық ісінуді және жоғарыда аталған ауруды дер кезінде анықтау мақсатында Almaty A.I. Lab компаниясы жасаған аталмыш жоба 2018 жылы ашылып өз жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта бағдарламаға 25-тен астам аурухана қосылған. Соның ішінде Отандық «Cerebra» MedTech стартапы өз бағдарламасын «Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханада» іске қосты.

Бұл жасанды интелект дәрігерлерге  науқастың  деректерімен өзара  алмасуы үшін кез келген жерден платформаға кіру мүмкіндігін де береді. Дәлірек айтқанда тапшы немесе біліктілігі жоғары дәрігерлермен  онлайн  форматты бейне қоңырау  арқылы науқасты емдеп, дер кезінде өмірін құтқарып қалуға мүмкіндік береді. Дәрігерлер видео қоңырауға тек компьютер арқылы емес, ұялы телефонмен де қосылып, кез келген уақытта, ота жасау барысында байланысқа шыға алады.

Инсультпен күресуге көмектесетін инновациялық технологияларды қолдау  мақсатында жұмыс жасайтын «NeuroDamu» қайырымдылық қоры Almaty A.I. Lab компаниясымен бірлесе «Cerebra» жобасын жүргізуде. 2021 жылдың 29 қазанында ашылған бұл  қор  аталмыш дертпен күресуге көмектесетін медицина студенттеріне, резиденттерге, аспиранттарға және зерттеушілерге қолдау көрсетеді.

«Cerebra» жобасын таныстырған «NeuroDamu» қайырымдылық қорының директоры Бексұлтан Маратұлының айтуынша, телемедицина жобасы бойынша ауруханаға жоғары байланыстағы камера, аудиоколонка, ноутбук, серверлік жабдықтар және өзге де техника ұсынылды.

–  Біз цифрлық медицинаны дамыту мақсатында көптеген шараға қатысып, жобамызды ұсынудамыз. Болашақта мемлекет аумағында жұмыс жүргізуді көздейміз. Яғни, инсульттан зардап шеккен науқастарды ертерек анықтау үшін өзіміздің жаңа техникамызбен, аппараттарымызды орнатып, білікті мамандардың бір-бірімен еркін байланысуына жол ашамыз. Сонымен қатар жоба аясында мамандарды оқытып, науқастарды операциясыз емдеу жолдарын үйретеміз. Қазіргі таңда жоба 13 аймақта, бізбен келісімге отырған ауруханалар арасында жұмыс жасайды. Шартқа отырған ауруханалар тек жобаға қосылып қана қоймай бір-бірімен байланысып, дәлігерлер емшара уақытында өзара онлайн форматта хабарласа алады, – деген қор директоры тәжірибесі аз дәрігерлерге алыстағы білікті мамандардың  көмегіне жүгінуге болатынын  айтты.

Айта кетерлігі жаңа технология арқылы тек өзара байланысып қана қоймай, науқастың ауру тарихын да онлайн зерттеп, автоматты түрде талдау үлгілерін көре алады.

Аталмыш жоба Қазақстан аумағында жұмыс жасайтын болса елімізде  жоғары санаттағы мамандардың тапшылығы байқалмас еді. Әсіресе ауыл аймақтағы тапшы мамандар осы жобаны қолданса,  дертіне ем іздегендерге керемет көмек болатыны анық.

Айнұр БЕКМОЛДИНА

Дереккөз: Alataugazeti.kz

 


ПІКІР ЖАЗУ