Пластикалық қалдықтарды өңдеуді қолға алды

0
480

Кез келген заттарды қайта өңдеу кәсібі әрқашан өзекті. Пластикалық қалдықтарды кәдеге жарату – бұл пайдалы бизнес қана емес, сонымен қатар, экологиялық жағдайды жақсарту.

Кербұлақ өңірінің кәсіпкері Бекжан Оразбек жеке кәсібін ашу үшін мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес алуға Жетісу өңірінің Кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы грант алған кәсіпкер шағын  пресс сатып алды.

«Кәсіпкерлер палатасына хабарласып,  қажетті кеңес  алдым. Қазір  ПЭТ бөтелкелерді қабылдап және оларды өңдеумен айналысамын. Инвестиция салу арқылы кәсіптің тек экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, болашақ ұрпақтарымыздың бақытты өмір сүруіне игі ықпал ететінін түсінесің», – дейді кәсіпкер.

Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының төрағасы міндетін атқарушы Дәурен Оңалбаев шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау жұмыстарының басым бағыттарының бірі екендігін, кәсіпкерлерге қажетті қызметтердің барлығы тегін көрсетілетінін  айтады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

 

 


ПІКІР ЖАЗУ