Қоғамға қызмет ету – әрекетте

0
826

Талдықорған  қаласындағы  Зияткерлік  мектебі бес  жылдан  бері есту қабілеті  нашар  балаларға арналған облыстық мектеп-интернатымен ынтымақтастықта. NIS  оқушылары  апта сайын  барып  ондағыларға  ағылшын  тілін үйретеді.

2018 жылы мектеп-интернат  пен  NIS арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы меморандум аясында «Жүрек жүрекке» қоғамға қызмет көрсетудің әлеуметтік жобасы жұмыс жасайды. Аптасына  бір  рет  біздің волонтерлар әр түрлі жастағы төрт топқа сабақ береді, – дейді  педагог-куратор-ұйымдастырушы Әйгерім Еркінбаева.

«Жақсылық  жасауға  ұмтыл»  –  әр  NIS оқушысының ұраны. Осы күнге дейін оннан  астам қоғамға қызмет ету әрекеттері өз нәтижесін көрсетуде.

Құндылықтың  жарқын  мысалы  ретінде  қоғамға  қызмет  етудің  алғашқы тәжірибесін  мектеп  жылдарында  алған  түлектер  бүгінде  университет қабырғасында  да ерікті  қызметін  жалғастыруда.

–  Мен үшін әлеуметтік жобалардың маңызы зор. Өйткені волонтерлік бағыт оқушылардың бойында адамгершілік дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізіп, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге немесе қоғамның назарын өткір әлеуметтік мәселелерге аударуға септігін тигізері сөзсіз», –  дейді 11-сынып оқушысы Томирис Қасымова.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ