Отбасым асыл – қазынам

0
510

  15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне  орай   «Jetisy jastary» КММ – нің  ұйымдастыруымен  «Отбасым асыл қазынам»   атты   марафон  өтті.  Жарысқа  аудан-қалалардан  келген  13  отбасы  қатысып,  спорттың  бірнеше  түрінен  бақ  сынады.

Бес  бөлімнен   тұратын  жарысқа  әр  отбасыдан  үш  адам,  яғни,  әкесі, анасы  және  баласы   қатысты.  Сайыстың  бірінші  бөлімінде  қатысушылар    800 метр  қашықтыққа  жүгірді.    Одан  кейін  ерлер 20 метр-ге  қапшықпен  ал  әйелдер  секіртпемен  секіріп  жарысты.  Үшінші  кезең  эстафеталық  жарыс  болып,  әр  топ  кедергілерді  айналып  жүгірді. Соңғы  бөлімде  әкелер  гір  тасын  көтеріп , өзара   кіл  мықтыны  анықтады.

Отбасылық құндылықтарды дәріптеп,  бұқаралық спорт түрлерін насихаттау мақсатында  ұйымдастырылып  отырған  шарада  облыстық әйелдер істері және  отбасылық  демографиялық  саясат  жөніндегі  комиссияның хатшысы  Айжан  Оралбекова  сөз  сөйлеп,  жеңімпаздарды  құттықтады.

 –  Отан   отбасынан   бас-талады   деп   айтамыз   ғой. Яғни біздің мемлекетіміз   күшті болу үшін   әрбір   отбасының   жағдайы   жақсы болуы керек. Мықты болуы   керек. Береке   бірлігі  болу  керек. Отбасындағы тәрбие   мықты болуы керек. Бүгінге   жасап   отырған   шарамыздың мақсаты да  сол. Осы  марафонға келіп,  спортты дамытуға өз үлестерін  қосып жатқан  әрбір  қатысушыға  алғыс айта  отырып,  жеңімпаздарды  шын  жүрегіммен құттықтаймы,  –  деді  А.Оралбекова.

Жарыс қорытындысы бойынша  1 орынды  – Тұран,  2 орынды  – Болашақ  және   3 орынды – Жайпақ  отбасылық  топтары  иеленді. Жеңімпаздар теледидар,  музыкалық аппаратура,  электорлы  шәугім  және тағы да басқа бағалы сыйлықтармен,  дипломдармен,  арнайы  медальмен   марапатталды.

«АЛАТАУ – АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ