Саламатты ұрпақ – нұрлы болашақ

0
535

Өткен  жылы  мемлекет   басшысы   қасым-жомарт   тоқаев  өз жолдауында  ерекше  қажеттіліктері  бар  адамдар  үшін  бірдей мүмкіндіктер  жасалу  керектігін  айтып,  барлық   жастағы   ел  азаматтары   арасындағы   бұқаралық   спортты  дамыту  үшін   нақты  тапсырмалар  берген  болатын.

Аталған   шаралар   аясында   «Самұрық-Қазына»   АҚ   қоры  кешенді жұмыстарды  жүзеге   асырып  келеді.   Қордың   қолдауымен   еліміздің  21 қаласы   мен   елді мекендерінде   тегін   инклюзивті   және   бейімделген   спорт секцияларының   желісі құрылып,  1 100   ерекшелігі   бар   бала   спорттың  12   түрі   бойынша   жаттығу   шараларына   қатысып  жүр.

«Тең  мүмкіндіктер  әлемі»   қоғамдық   қорының   «Саламатты Болашақ»   жобасы   2018   жылдан   бастап   бүгінгі   күнге   дейін   қорға қарасты   компаниялар   тобы   атынан   бірыңғай   қайырымдылықтың операторы   «Samruk-Kazyna Trust»   қорының   қаржыландыруымен   іске асырылуда.

«Саламатты болашақ» жобасының  басты  мақсаты  ерекше балалар мен  олардың  ата-аналарының  арманын  орындау. Мұнда   ерекше   балаларға   арналған    бочча,   голбол,   адаптивті   жүзу,   адаптивті  каратэ,  адаптивті таэквондо,  адаптивті дзюдо, адаптивті пионербол,   адаптивті футбол, бейімделетін   жеңіл   атлетика,   инклюзивті   хореография   секілді   спорттың   әртүрі  қарастырылған.   Қымбат  тұратын  оңалту  шараларына  қарағанда  жыл   бойы спортпен  шұғылдану  ерекшелігі  бар  балалар   үшін  анағұрлым  пайдалы.  Олар  спорт  үйірмелерінен   нағыз   достар   тауып, өздеріне   деген   сенімділіктерін    нығайтады.

Қазіргі   таңда  ерекше  балаларға  арналған   спорт   секциялары   Астана,  Алматы,  Шымкент қалаларында   және   Қарағанды,   Павлодар,  Атырау,   Маңғыстау,   Ақтөбе, ШҚО,   Абай,   Жамбыл,   Жетісу,   Қостанай   облыстарында  бар.  Сондай-ақ,   жоба   аясында   отандық   жоғары   оқу орындарында   «Тең мүмкіндіктер әлемі»   қоғамдық   қорымен ынтымақтастық  орнатылып,   алғаш   рет  ерекше  жасөспірімдерді   бейімдеу   бойынша  мұғалімдер   дайындау   қолға   алынып,   білім   беру   бағдарламаларына    «Бейімделген дене шынықтыру»   пәні   енгізілді.

Өңірлердегі    спорт   секцияларында    тәрбиеленіп   жүрген балалардың    ата-аналарымен   сұхбаттасқан   едік,   көңілдерін   қуаныш кернеген   ата-аналар   балаларының    әр   түрлі   оқиғаларын   айтып   берді.   Алғашқысы   талдықорғандық   Марина.   Талдықорған  қаласындағы  адаптивті   жүзуге  баратын     Дмитрийдің  анасы.

– Бүгін   ұлым   Диманың   сәтті   қадамдарын   көріп,   көңілім қуанышқа   толып   отыр. Менің ұлым 17 жастағы   ерекше бала. Оның өмірге келген сәтінен бастап   көптеген   емдік   шараларды басымыздан өткердік және бірнеше рет «бейімделген дене шынықтыру», «сенсорлық интеграция» секілді ақылы   мамандардың   қабылдауында болдық. Алайда   ұлым жүзуді армандайтын, өйткені Дима суды өте жақсы көреді. Біздің арманымыз орындалып, қаламызда бейімделген спорт секциялары пайда болды. Жоба  барысындағы  бір   жылдық  жаттығулар  негізінде ұлым оң нәтижелерге қол жеткізді. Өткен жылы Астана қаласында ұйымдастырылған «Children Paralympic Games» фестивалінде Дмитрий жүзуден 1-ші орынға ие болды. Осы сәтті пайдаланып, барлық демеушілерге алғысымды жеткізгім келеді.

Жанар – Павлодар қаласындағы адаптивті таэквандо секциясының тәрбиеленушісі Мансұрдың анасы:

– Мансур дүниеге сап-сау болып келді. Бірақ екінші екпе вакцинациясынан кейін денсаулығымызға  байланысты кедергілер туындады.  Ол кеш жүре бастады, иммунитеті төмендеді, тек 6 жасында бірақ сөйледі.   Ол өз жасындағы балалардан кеш қала бастады. Ақырында  диагнозы орташа ақыл-ойдың артта қалуы және мүгедектік болып шықты. Біз Ресейде емделіп,   логопедпен, дефектологпен, психологпен, жаттығу  терапиясымен, массаждармен көптеген сабақтар өткіздік. Бір жыл бұрын ғана «Саламатты болашақ» жобасымен таныстық. Содан  бері  ұлым адаптивті таэквандо бөліміне бара бастады. Басында қиын болды, бірақ біздегі білікті мамандардың арқасында ол әдіс-тәсілдерді  тез  үйреніп, қиындықтарын жеңді. Мансұрдың бұл секцияға деген қызығушылығы соншалық, бір жыл ішінде ол 2 жылда үйренетін балалардың деңгейіне жетті. Біз «Samruk-Kazyna Trust» және «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорына өз алғысымызды жеткізгіміз келеді. Өйткені жобаның арқасында біздің балалар қатарынан қалмай, қалыптасып, өсуге  үлкен мүмкіндіктер алды.

Гүлнәр  –  Қарағанды  қаласындағы  инклюзивті  хореография  тәрбиеленушілері Карина, Адия және Фатиманың анасы:

–  Спорт секцияларының   арқасында  біздің де шыңдарды бағындыра алатынымызға көзім жетті.  Ерекшеліктері бар балаларға сенімділікті сезінуге және жеңістер мен марапаттардың бақытын сезінуге мүмкіндік  берген «Samruk-Kazyna Trust» және «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорына алғысым шексіз. Баланның үлкен сахнада бақытты болып өнер көрсеткенің көргенде  көз жасына ерік береді екенсін. Ертеңгі күнге сыйлаған сенімділік үшін «Самұрық-Қазына» қорына шексіз алғысымды жеткіземін.  

– Жоба ерекшелігі бар балалар арасында бұқаралық спортты дамыту бойынша кешенді проблемаларды шешуге бағытталған және де оқу-әдістемелік әзірлеме, мүгедек балалардың психофизикалық жағдайына жаттығу сабақтарының тиімділігі бойынша ғылыми-зерттеу қызметі, бейімделген спорт секцияларын құруды  жоспарлауда,  – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

Жыл сайын жоба аясында «Children Paralympic Games» инклюзивті спорт фестивалі өтеді. Биыл бұл фестиваль 1-4 маусым аралығында  Астана қаласында өтеді  деп  жоспарлануда. Шараға еліміздің аймақтарынан 380 ерекше  балалар  мен  жасөспірімдер қатысады. Елімізде  қолға  алынған тегін   инклюзивті   және   бейімделген   спорт  секциялар  желісі  ерекше  балалар   мен   жастар  арасында  спортқа  деген қызығушылықты арттырып,  болашаққа  сеніммен  қарауға  үйретті.

«АЛАТАУ – АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ