Қысқа–нұсқа

0
170

Қарым-қатынас жанданады

Жетісу облысы мен Қытайдағы Іле-Қазақ автономиялы облысы арасындағы ынтымақтастық байланыстар жанданады. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Талдықорғанда қытайлық делегациямен кездесуі барысында бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылды.

 

Кенеге қарсы күрес

Жетісу облысының табиғи ошақтарының аумақтарында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың 2-ші кезеңі 1 маусымнан басталған. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне қарағанда, бүгінгі күнге Ақсу, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларында толығымен аяқталып, 213 га өңдеу жұмыстары жүргізілген.

Рингке оралуы мүмкін

Геннадий Головкин пуэрторикалық Эдгар Балангамен жұдырықтасуы мүмкін. Ол қазірге дейін 21 кездесу өткізіп, оның 16-сында нокаутпен жеңіске жеткен. Жекпе-жекте Головкин 15 миллион доллар табуға мүмкіндігі бар. Сарапшылар бокс кеші тартысты болады деген болжам жасады.

Спартакиада аяқталды

Талдықорғанда жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасында республикалық спартакиада мәресіне жетті.  Үш күнге созылған жарысқа еліміздің әр өңірінің намысын қорғаған, мемлекеттік қызметшілерден құралған 19 команда қатысты. Жеке-командалық жарыстар олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық спорт түрлерінен, атап айтқанда волейбол, тоғызқұмалақ, бильярд, қазақша күрес, мини-футбол, жүзу, үстел теннисі түрлерінен өтті.

«АЛАТАУ – АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ