Брайль қарпімен электронды кітап өндеуді жоспарлауда

0
362

Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Брайль қарпімен электронды кітап өндеуді жоспарлап отыр.

«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Қуаныш Қапановпен кездесуде зағип және нашар көретін жандарға арналған құрылғы жасаудың жаңа жобасы талқыланды.

NIS қабырғасында өткен кездесуде зағип жандардың өмірін қалай жақсартуға болады, білім беруді қалай қолжетімді ету, жайлы білім беруді қалай құру керек секілді  өзекті тақырыптар мен мәселелер көтерілді.

Жиын барысында қоғамдық бірлестік өкілі Қуаныш Қапанов бірқатар заманауи  техникалық  оңалту  құралдарымен таныстырды. Сонымен қатар ол оқушыларға Брайль жүйесі арқылы жазу бойынша шеберлік сыныбын көрсетті.

Брайль жүйесі бойынша рельефті-нүкте шрифті зағип және нашар көретін адамдарға жазуға және оқуға арналған. Қаріпті 1824 жылы француз соқыр жасөспірім Луи Брайль ойлап тапты, ол 3 жасында көзінің қабынуынан зардап шегіп, көрмей қалған.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ