Ел алдындағы есеп

0
74

Ескелді ауданы әкімі Елдос Ахметовтың Алдабергенов ауылдық округі тұрғындарымен 2023 жылы Ескелді ауданы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп беру жиналысы өтті.

Жиынға Алдабергенов ауылдық округінің тұрғындары, ақсақалдар алқасы, жергілікті қоғамдастық мүшелері, шаруа қожалық басшылары, жеке кәсіпкерлер, мекеме басшылары қатысты. Өз кезегінде аудан әкімі Елдос Тұрсынбайұлы Алдабергенов ауылына тартылған газ жүйесі мен орталықтандырылған ауыз-су жүйесінің жасалу жұмыстарына баса мән берілгенін атап өтті. Жаңалық ауылына газ құбырларының тартылу жұмыстары басталғанын және алдағы уақытта Жастар ауылына да газ жүйесі жұмыстарының басталатынын айтып өтті. Ауылдық округ тұрғындар тарапынан бірқатар мәселе көтеріліп, өз шешімін тапты.

* * *

Ақсу ауданы әкімі Берік Тынышбаев Суықсай, Арасан ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Аудан басшысы таулы аймақтың тұрғындарына өткен жылы ауданда атқарылған жұмыстар жайын баяндап, алдағы атқарылар жоспарларымен бөлісті. Мәселен, өткен жылы І. Жансүгіров-Суықсай ауылдарының арасындағы жолға асфальт төселсе, Суықсай-Ащыбұлақ арасындағы жолға да жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар Арасан ауылының ауыз су жүйесі ел игілігіне беріліп, ішкі көшелерге жөндеу жұмыстары жасалып, көше шамдары орнатылмақ.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары аудан басшысына өзекті мәселелер жайлы сөз етіп, сауалдарын да қойды. Елдің айтқан өтініш-тілектері назарға алынып, жауапты мамандарға тапсырмалар берілді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ