ЖАСТАР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ

0
282

Облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастарды қолдау жөніндегі облыстық кеңес белсенділерінің, «Жастар рухы» жастар қанатының, сондай-ақ еріктілердің қолдауымен нашақорлықтың алдын алу мақсатында Талдықорған көшелерінде «Жастар есірткіге қарсы» атты акциясын өткізді.

Шарада Жетісу облысы ПД ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі Меруерт Искакова нашақорлықтың алдын алудағы заманауи тәсіл, есірткіге тәуелділік түрлерін қоғамға көрсетумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау да жүруі тиіс екенін айтты.
Іс-шараға қатысушылар тұрғындар мен жастарды денсаулығын сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға, қиындықтарға төтеп беруге үйренуге, егер өмірде қиын жағдайға тап болса, сенім телефондарын пайдалануға шақырды.
Сонымен қатар белсенділер ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа қарсы іс-қимыл алгоритмін түсіндіріп сондай-ақ егер тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы саласындағы әрекеттердің куәгері болса, қандай әрекеттер жасау керек жолдары жазылған буклеттерді таратты.
Биыл Жетісу облысының аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 37 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, оның 14-і – есірткі қылмысы болып отыр.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ