АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

0
177

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының ұйымдастырған «Абай күніне» арналған «Абай мұрасы – ұлттық құндылық» атты дәстүрлі мерекелік іс-шараға қатысты.

Бас ақынымыздың туған күніне арналған көлемді шара үш бөлімнен тұрды. Кітапхана алдындағы алаңдағы әдеби-музыкалық ашылу салтанатында Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып сөз сөйледі. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасының доценті Еркін Шүкіман және консерватория студенті, Республикалық конкурстардың лауреаты Мадияр Өмірғали Абай әндерін орындады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің курсанттары ақын өлеңдерін оқыды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Ұлағат» ғалым-әжелер тобы «Ақ кимешек» әнін шырқады.
Мерекелік шара кітапхананың Н.Дәулетова атындағы көрме залында жалғасты. Дөңгелек үстел бағдарламасында Түркияның Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мудеррисоглуна, әдеби ақпаратпен Алматы қаласындағы Иран Бас консулдығының Иран мәдени орталығының директоры Хоссейн Агазадеге, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ғалым, филология ғылымдарының докторы Дандай Ысқақұлына және өзге де қонақтарға сөз кезегі берілді. Сонымен қатар, «Арман-ПВ» баспасы директорының орынбасары Қымбат Қараева «Абай – ғаламдық тұлға» атты кітабының тұсаукесерін өткізді.
Ақын, Phd докторы Ержан Жұмабекұлы ән мен жырдан шашу шашты. М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының оқушылары Хамза Сәрсенқожа, Даниял Қабидолла және Елжан Нартай Абай өлеңдерін оқыды.
Шара соңында жиналған қауым Абай әдеби орталығында кітап көрмесіне шолу-экскурсиясын жасап, естелік суретке түсті.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ