Бес жылда атқарар жұмыстардың Жол картасы бекітілді

26

 «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалында онлайн режимде Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті.  Күн тәртібінде партиялықтар, 16 қараша күнгі өткен облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция жиналысында қаралып, облыстық Саяси кеңес Бюросының бектілуіне жіберілген «Nur Otan» партиясы Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасын қарастырды.                                                               

Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева өз сөзінде: «Өңірдің барлық саласын қамтыған біздің сайлауалды бағдарлама қазіргі қоғам талабына сай және халық үнінен шыққан құжат десе де болады. Жол картасы 7 бағыт бойынша әзірленіп, әр бағыт бойынша жауапты басқарма басшылары – партия мүшелерімен, партия филиалы төрағаларын, фракция мүшелерінің әр сала бойынша жауапты етіп бекітілді» – деп атап өтті.                                                                                                            Отырыс соңында бюро мүшелері Жол картасымен толық танысып,   оны  бекіту жайлы қаулы қабылданды.  Ал  жүзеге асыру жұмыстары бойынша  көрсеткіштердің орындалуына жауапты облыстық мәслихаттағы   «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшелері бекітілді.

Сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша Жол картасында  7 бағыт қамтылып, оған 25 көрсеткіш және 130 іс-шара жоспарланған. Жайлы қала бағытында жол сапасын арттыру, тұрғын-үймен қамту, сапалы ауыз су мен су жүйесімен қамту көзделген, ол үшін 2021-2025 жылдары аралығында 5,4 млн. шаршы метр тұрғын-үй салу көзделген, оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1 млн шаршы метр. Сонымен қатар, 3 мыңдай әлеуметтік аз қамтылған отбасылармен, 5309 көпбалалы отбасы тұрғын-үймен қамтылмақ. Жергілікті жерлерде жолды жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 2025 жылға дейін 99% жеткізу жоспарланған. Ауыз су жүйесімен қамту бағытында 2023 жылы қалалық жерлерде 100%, ал ауылды елді мекендерде 99,5% көзделген.

«NUR OTAN » партиясы

Алматы облыстық филиалының

баспасөз қызметі.

Бөлісу: