Депутаттармен кездесті

476

Алматы  облыстық мәслихатының  хатшысы Жанболат Жөргенбаев Іле  аудандық мәслихатының аппараты  депутаттарымен кездесу өткізді. Бұл туралы  облыстық мәслихаттың  баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында Жанболат Әкебайұлы облысымыздың соңғы  бес  айдағы жетістіктерімен алдағы міндеттері жайында ақпарат беріп, іске асырылатын жобалар жайын атап өтті.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және депутаттардың бұл бағыттағы жұмыстары, өңірдің даму бағдарламасының іске асуын бақылау, сайлауалды бағдарламаның Жол картасы аясындағы нысандардың сапалы жүргізілуге депутаттық бақылау, мәслихат аппаратының жұмысының жүйелі болуы сияқты мәселелерді көтеріп өтті.

Сонымен қатар, аудан депутаттарымен жеке-жеке танысып, жаңадан қабылданған заңдарды түсіндірді.

Ауданда 24 депутат сайланған. Кездесуде депутаттармен пікір алмасып, қойылған сауалдарына жауап берілді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ