Ел бірлігін нығайтқан кездесу

396

Талдықорған қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Алматы облыстық ҚХА жанындағы этномәдени орталықтары мен облыстық «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысы мүшелері және еріктілердің жұмысымен арнайы танысу мақсатында кездесу өткізді.

Кездесуде этномәдени бірлестіктер мен «Жаңғыру жолы» өңірлік жастар қозғалысының өкілдері облыс, қала және аудан әкімдіктері жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңесі құрамына енгізетіні белгілі болды.
Жұмыс сапары барысында Марат Алмасұлы этномәдени орталықтардың, қоғамдық келісім және Аналар кеңесінің, жетекші журналистер клубының, Алматы облысы ҚХА жанындағы ғылыми – сараптама тобының мүшелерімен кездесіп, құрылым жұмыстарына шолу жасады. Сонымен қатар этномәдени орталықтардың «Қоғамдық келісім» және «Аналар кеңесінің» ұсыныстары мен талап тілектері тыңдалды.
Облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы жыл басынан бері 100 шақты қайырымдылық шара өткізген. Сонымен қатар «Мен қазақша сөйлеймін», «Отыз игі іс», «Біз біргеміз» сынды жобаларды жүзеге асырылғандығы алға тартылды.

А.ҚҰСЫМАНҚЫЗЫ.

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ