Жеті айда өңірге 292,5 млрд. теңге инвестиция тартылды

0
2987

 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің  хабарлауынша,  жыл басынан бері Алматы облысында өңдеу өнеркәсібінің, аграрлық саланың, құрылыс жұмыстарының көлемі артқан. Мәселен, өнеркәсіптік өндіріс 5 пайызға, ауыл шаруашылығы 2,4 пайыз, ал құрылыс жұмыстары 6,5 пайыз  өсім көрсетіп отыр.

2020 жылдың қаңтар – шілде айларында облыста экономиканың негізгі салаларында өсім қамтамасыз етілген. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне қарағанда, өңдеу өнеркәсібінің, оның ішінде тамақ өнімдерін, темекі бұйымдарын өндіру, фармацевтика, электр жабдығын өндірудің жоғарылауы есебінен (105,9%) өнеркәсіптік өндіріс көлемі 5%-ке ұлғайып, 636,0 млрд. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығындағы өсім 2,4%, яғни 264,2 млрд. теңгеге жеткен, ет және сүт өндірісі артты.

Карантин кезеңінде тоқтамай жұмыс істеген саланың бірі – құрылыс. Соның нәтижесінде бұл саладағы жұмыстардың көлемі 6,6 пайызға өсіп, 119,4 млрд. теңге болды. Атап айтқанда, 525 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылған. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасындағылар осы жылы инвестиция тарту ісінің де бәсеңдемегенін айтады. Олардың мәліметіне сүйенсек, жеті ай ішінде облысқа 292,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 9,3 пайызды  құраған.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 


ПІКІР ЖАЗУ