Педагогтарға инклюзивті білім беру

0
2658

«Шеврон» компаниясы, Назарбаев Университеті және «Дара» қоры қазақстандық педагогтарға инклюзивті білім беру ортасында жұмыс істеу үшін кәсіби құзыреттілігін арттыруға көмектеседі.

Қазақстанның барлық өңіріндегі 3000-ға жуық мұғалім мен балабақша тәрбиешісі инклюзивті ортада оқытуға үш апталық дайындық бағдарламасы бойынша білім алуды бастады. Бағдарламаны Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің инклюзивті білім беру саласындағы профессор-сарапшылардың халықаралық командасы әзірлеп, «Дара» қайырымдылық қорымен бірге «Шеврон» компаниясының қолдауымен іске асыруда.

«Бұл ауқымды жоба әрбір балаға, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларға да сапалы білім алуға кепілдік беру үшін қоғамдағы өзгерістердің жолсерігі болатын, инклюзивті практикаға ынталы және қабілетті педагогтарды даярлау арқылы инклюзивті білім жүйесін дамытуға үлес қосады»,  – дейді жобаның жетекшісі, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің профессоры Сулошни Патер.

«Инклюзивті білім беруді қалыптастыру» жобасы ҚР білім беру және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсатына сәйкес –  барлық мектепті инклюзивті ету мақсатына қол жеткізуге жәрдемдесетін болады.

Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде осы тақырып бойынша Қазақстандағы үздік сарапшылар командасы жұмыс істейді.

Инклюзияны дамыту бағытында істеген жұмысымен танымал «Дара» қорының мамандарымен бірге олар инклюзивті білім беруге көшу кезінде қолдауды, біліктілікті арттыруды және арнайы дағдыларды дамытуды қажет ететін педагогтарды оқыту бағдарламасын әзірледі.

Коронавируспандемиясынабайланыстыоқыту онлайн форматындаөтеді.

Жоба командасы бағдарлама нәтижелерін бағалау және біліктілікті арттырудан өткен педагогтарға одан әрі қолдау көрсету үшін оқуды аяқтағаннан кейін оффлайн кездесулерді де жоспарлап отыр. Сондай-ақ, бағдарлама барысында мектеп директорларына арнайы тренингтері өтеді. БҒМ, Алтынсарин атындағы Білім академиясының және университеттердің қатысуымен семинарлар ұйымдастырылады.

Бүгінде  Қазақстанда жалпы білім беру мектептерде ерекше қажеттіліктері мен денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны өсуде. Алайда, бұл процесс өте баяу жүруде, ал жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, мұғалімдер инклюзивті білім берудің сәтті іске асырылуына сенсе де, олар көбінесе барлық баланы, әсіресе ауыр мүгедектігі бар балаларды құрдастарымен бірге оқытуға қарсы тұрады. Сондықтан мұғалімдердің көзқарасы инклюзивті білім беруге көшудің шешуші факторы болып саналады.

Анықтама:

Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебі 2013 жылдың қыркүйегінде алғаш рет студенттерге есігін ашты. Кембридж Университеті және Пенсильвания Университеті Жоғары білім мектебінің серіктестері.

Мектептің мақсаты – магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша мамандар мен басшыларды даярлау және білім беру саласында жоғары сапалы ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының білім беру секторын одан әрі дамытуға жәрдемдесу.

Мұнда мектеп, жоғары, көптілді және инклюзивті білім берудің түрлі аспектілері бойынша сарапшылар жұмыс істейді. Халықаралық пәнаралық команда Назарбаев Университетінің басқа мектептерінің ғалымдарымен, Dara Foundation («Дара» қоры), ЮНИСЕФ және т. б. сияқты үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасады.

«Шеврон» корпорациясы – әлемнің интеграцияланған энергетикалық компанияларының бірі. Біз шикі мұнай мен табиғи газды геологиялық барлауды, өндіруді және тасымалдауды; көліктік отын мен жағармай материалдарын қайта өңдеуді, өткізуді және бөлуді, мұнай-химиялық өнімдер  мен қоспаларды өндіруді және сатуды жүзеге асырамыз; сондай-ақ технологияларды дамытамыз және қолданамыз.

«Шеврон» Қазақстандағы жетекші жеке мұнай өндіруші компания болып табылады және елдің ірі екі кен орны — Теңіз және Қарашығанақтағы акциялар пакетіне ие. Корпорация Каспий құбыржелісіконсорциумыныңіріжекеакционеріболыптабылады, сондай-ақАтыраудағы  полиэтилен құбырларызауытыныңқызметінтабыстыбасқарады.

«Дара»  қоры – ерекше білім алуға мұқтаж балалардың және балалар үйлері тәрбиеленушілерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстанда инклюзияны дамытуға бағытталған жобаларды іске асыратын жеке қайырымдылық қоры.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ