Тауарларды таңбалау — нарық талабы

0
1020

2020 жылдың  басынан  нарыққа 8 млн. қорап темекі заңсыз енгізілсе,  2019 жылғы дерек бойынша  5 млн. қорап шылымның «көлеңкелі айналымда» жүргені анықталған. Мұндай заңсыз әрекеттерді тыюдың тура жолы – цифрлы таңбалауды міндеттеу.

Осы орайда өткен  жылдың 1 қазанынан  бастап ел аумағында темекі өнімдерін міндетті таңбалау енгізілгені белгілі. Бұл талап фильтрлі темекіге ғана қойылған еді. Ал, биылғы жылдың   1 сәуірінен   өнімнің басқа түрлерін (сигара, қыздырылған темекі және т.б.) таңбалау енгізілді.  Ондағы мақсат – нарықтағы ашықтықты қамтамасыз ету және халықты жасанды, жалған өнімдерден сақтандыру.

 Қазіргі  таңда таңбалаудың бірыңғай операторы «Қазақтелеком» АҚ болып табылады.

«Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында  Талдықорған қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы Елдос Тұлымшақов таңбалау –  бұл өнім туралы арнайы шифрланған белгі екенін, онда өндіруші туралы толық ақпарат, сериялық нөмір және бұзудан қорғау коды барын айтты. «Ол  Data Matrix  кодын  пайдалануға  негізделген. Бұл халықты жалған өнімдерден қорғауға мүмкіндік береді және темекі өнімдері айналымы нарығының ашықтығын қамтамасыз етеді»,  – дейді Елдос Тұлымшақов.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ