ЖАҢА тапсырмаларды жүктеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауына орай Алматы облыстық әкімдігінің мәжіліс залында алқалы жиын өткізілді. Өңір активі Президент жүктеген міндеттер мен тапсырмалардың өзектілігін ортаға салды.
Жиынды облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ жүргізіп, Мемлекет басшы-сының дәстүрлі Жолдауында көтерілген мәселелердің әрбір қазақстандық үшін қаншалықты маңызды екендігіне тоқталып, жарыссөзге шығушыларды таныстырды.
Мінберге көтерілген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, «Қыдырәлі» шаруа қожалығының жетекшісі Сексенбай Шеңгелбаев, «Алматы бояулары» ЖШС-нің басшысы Римма Салықова, Талдықорған орталық бассейнінің директоры Мерей Сүйінов биылғы Жолдау-да айтылған тақырыптардың көпшілік көкейінде жүрген мәселелермен үндесетіндігін айтып, халықтың келешегі үшін қолға алынып жатқан келелі істердің өзектілігін алға тартты.
Аудан, қала әкімдіктері селек-торлық режимде қатысқан жиынды қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов: «Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы Жолдауы қазіргідей күллі әлемді алаңдатқан пандемия кезінде шағын және орта кәсіпкерлік жұмысының тоқтап қалмауына баса назар аударып отырғанын көріп отырсыздар. Ондағы айтылған міндеттер мен тапсырмалардың толық орындалуына бәріміз қатысып, жұмыс істеуіміз керек. Жалпы, Президент Алматы облысына ерекше назар аударып отыр. Өткенде жарты жылдықтың есебін тыңдаған кезінде Жетісу жерінің жетістіктеріне баса көңіл бөлді. Сондықтан жауапкершілік жүгін шынайы сезініп, өңірдің өркендеуіне толассыз үлес қосуымыз қажет. Ол үшін экономика, спорт, білім, денсаулық, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, ішкі істер, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік сынды салаларды қатаң қадағалауда ұстап, тиімді жұмыс жүргізуге тиіспіз», – деді.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Жолдауда айтылған тапсырмалардың орындалуын қадағалауды әр салаға жауапты орынбасарлары мен департамент, басқарма басшыларына жүктеді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ