Бюджет мәселесі қаралды
«Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы отырысы өтті.
Күн тәртібінде «Алматы облысының 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы», Алматы облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы «Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» № 1-11 шешіміне өзгерістер енгізу және «Алматы облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы мәселелерді қарады.
Комиссия отрысында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ж.Әмірханов өңірдің алдағы 3 жылғы бюджетімен, даму бағдарламасы жайында баяндап, депутаттардың қойған сауалдарына жауабын берді. Өз сөзінде ол өңірдің халық қалаулылары тарапынан кейбір салаларға бюджет көлемін ұлғайту, сонымен қатар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында көзделген нысандардың қаржыландыру мәселесі басты назарда болу керектігін де атап өтті. Отырыста сөз етілген мәселелер сессия қарауына жолданды.
***
Облыстық мәслихат хатшысы Ж.Жөргенбаевтың төрағалығымен Алматы облыстық мәслихатының кезекті ХІІ сессиясы өткізілді.
Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, облыс әкімінің орынбасары Ж.Тұяқов, департамент басқарма басшылары, аудан-қалалық мәслихат хатшылары қатысып, ауқымды мәселелер қаралды. Соның ішінде өңірдің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті, 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы және облыстағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселесі депутаттардың дауыс беруімен қабылданды.
Сессияда Іле ауданы Жетіген ауылдық округі Қайрат ауылының әкімшілік-аумақтық бағыныстылығын өзгерту, облыстық мәслихат мекемесінің ережесі және облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы бекітілді. Облыс бюджетінің үш жылдық кезеңге арналған бюджеті қаралды.
Алматы облыстық
мәслихатының баспасөз қызметі.