Келелі мәселелер қаралды

0
1072

«Біреу тойға айналғанда,  біреу қойға айналыпты» демекші,   індет өршіп, ел экономикасы дағдарысқа ұрынғанда да  ел алдында жүрген шенділер арасында құқық бұзушылық жиі көрініс беруде. Бұл әсіресе бюджет қаржысын талан-таражға салу,  сатып алу саласындағы жариялықпен ашықтықты арттыру бағытындағы жемқорлық мәселесі мәслихат сессиясында талқыланды.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Жанболат Жөргенбаевтың төрағалығымен өткен кезектен тыс XIII сесия  күн тәртібінде депутаттар Алматы облысындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комисияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту, Алматы облыстық мәслихатының депутаты  С.Ақсубаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қарады. Сессия барысында өңір басшысы Қанат Бозымбаев жоғарыда аталған комиссиялардың дербес құрамына бекітілді.    Сессияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия жыл басынан 3 кезекті, бір кезектен тыс отырыс өткізіп,  12 мәселе қаралып, нәтижесінде 67 хаттамалық тапсырма берілген. Сонымен қатар шенділер арасындағы ымыраласқан жемқорлықты тежеу бойынша  облыстың  200-ден астам ұйымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет  лауазымдары, бір ұйымда  ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты («талдау және болжау орталығы» КММ) енгізілді. Бұдан басқа Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында, жастар саясаты істері басқармасында, Өтенай ауылы әкімдігінде және Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты енгізу үшін дайындық жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік сатып алу саласындағы жариялылық пен ашықтықты  арттыру мақсатында облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік  сатып алу порталына мониторинг жүргізеді. Ағымдағы жылдың басынан сатып алу бағаларын қайта қарау арқылы  7 млрд. 600 млн. теңге мөлшеріндегі сомаға бюджет қаражаты үнемделді.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында облыстың мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік секторлары 671 ішкі талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде 200 сыбайлас жемқорлық тәуекелінің болуы анықталды, 730 ұсыным әзірленді, оның ішінде 698-і орындалды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ