Баспана кілті табысталды

0
1072

Алматы облысының  Ақтерек ауылында  7 отбасына баспана кілті берілді. Жаңа үйлерді «Ақтерек» шаруа қожалығының төрағасы, Жамбыл ауданының құрметті азаматы, кәсіпкер Темірлан Шайнүсіпов шаруа қожалықтың қаражатына салған. 

Айтулы шараға аудан әкімі Нұрлан Ертас,  аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бағдат Әлиев,  аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Батырхан Мендебаев,  ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Нұрлан  Ертасұлы ауыл тұрғындарын жаңа қоныстарымен құттықтап, сөз сөйледі.  Сондай-ақ,  Ақтерек ауылының өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтарды марапаттады.  Көлемі 143 шаршы метрді құрайтын әрбір тұрғын үйді салуға 13 млн.  теңгеден қаражат жұмсалған.   Бұл үйлер «Ақтерек» шаруа қожалығында жұмыс істейтін көпбалалы отбасы мен жас мамандарға берілді.

Жыл басынан бері аталған шаруа қожалық  10 отбасына баспана сыйлады.  2022 жылы салынатын тағы 10 үйдің іргетасы құйылып қойған.  Сонымен қатар ауылдың орталық саябағында  «Еңбек Даңқы мемориалдық кешенінің» ашылу салтанаты өтті. Мемлекеттік наградамен, орденмен марапатталған 40-қа жуық еңбек ардагерінің есімі мен атақ даңқы мәрмәр тасқа қашалып жазылған.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ