1 млн-нан астам адам екпе алды
Облыста алгоритмге сәйкес халықты вакцинациялау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Бүгінде облыста І компонентпен 1 006 512 мың адам немесе 83,9%-ы егілді. ІІ компонентпен 910 610 мың адам немесе 75,9%-ы егілді. Балқаш (101%), Ақсу (102%), Қарасай (100%) аудандарында және Текелі (102%), Қапшағай қалаларында (100%) бірінші компонентпен егу жұмыстары аяқталды.
Облыста Комирнати вакцинасының бірінші компонентін 115 031 адам алды, оның ішінде 12-ден 17 жасқа дейінгі 95 062 жасөспірім, лактация кезінде 15 759, жүктілік кезінде 4165 әйел адам бар. Вакцинаның екінші компонентін 80 555 адам алды. Олардың ішінде 66 409 жасөспірім, лактация кезінде 110 96 және жүктілік кезінде 3050 әйел бар.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»