Намысты қолдан бермеді

0
545

Қаңтар айының 4-11 күндері аралығында Петропавл қаласында жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті.

Жарысқа 10 команда қатысты. Олардың ішінде Алматы қаласының «Буревестник» командасы,  киелі Түркістан қаласының мықты ойыншылары да бақ сынасты. Додада топты жарып, өзінің үздік ойынымен көзге түскен Жетісу спортшылары намысты қолдан бермей, қанжығаларына байлады.

Алдыңғы қатардан көрінген жерлесіміз Батыр Жұмағұл «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды.

Жерлестерімізді тұғырлы жеңісімен құттықтаймыз!

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

 


ПІКІР ЖАЗУ