Жаңадан ойыншылар қосылды

0
332

Футзал сапына жаңадан ойыншылар қосылды. «Жетісу» командасының құрамында ойнайтын бұл ойыншылар жоғары талаптарға сай келетін футболшылар.

Атап айтсақ, Рустам Хамидов «Оқжетпес» құрамасында жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Өз мансабында 20 ойын ішінен 8 гол соқты. Бүгінде «Жетісу» сапында қосылды. Футболшы алдағы уақытта өз өнерін көрсетіп, үздік ойыншылардың қатарынан көрінері сөзсіз.

Команданы толықтырғандардың тағы бірі – Мұхаммед  Шарипов. Ол  өткен  маусымда «Соро компания» атты құрамада ойнаған.

«Жетісу жеріне жаңа командаға қабылданып жатырмын. Бүл үшін өте қуаныштымын. Ендігі кезекте басқа қырымнан танылып, жақсы нәтижеге қол жеткіземін деп үміттенемін», – дейді футболшы.

Ал көптеген жанкүйердің көзайымы болған Арман Қаражанов осы маусымда «Жетісу» командасымен қайта қауышты. Атап айтсақ, ол алдағы мансабын Астанадан кейін Жетісуда жалғастыратын болады. Осы күнге дейін бұл футболшы 72 ойын ішінен 12 гол салып, көзге түскен. 24 жасар жас спортшы үшін бұл өте жақсы нәтиже.

2023 жылғы маусымның бұл жаңалығы барша жанкүйерлердің жүрегіне ерекше сезім әкелетіні анық. Алда болатын ойында «Жетісу» футзал командасының жаңа ойыншыларына тек сәттілік тілейміз!

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 

 


ПІКІР ЖАЗУ